САЛАУАТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – ӨЗАРА СЕНІМ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК НЕГІЗІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 қараша 2026
  • 36

САЛАУАТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – ӨЗАРА СЕНІМ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК НЕГІЗІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы білім алушыларға арналған «Салауатты қарым-қатынас: шекара, сенім және жауапкершілік» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге салауатты қарым-қатынастың психологиялық негіздерін түсіндіру, жеке шекараны сақтауға, өзара сенім қалыптастыруға және қарым-қатынастағы жауапкершілікті сезінуге қажетті дағдыларды дамыту.

WhatsApp Image 2026-11-25 at 16.41.13.jpeg

Семинар барысында қатысушыларға жеке шекара ұғымы мен оның түрлері таныстырылып, салауатты және уытты қарым-қатынастың ерекшеліктері түсіндірілді. Сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерін анықтау, олардың алдын алу және күрделі жағдайларда психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығы айтылды.

Тренинг барысында білім алушылар тақырыптық тапсырмаларды орындап, өзара пікір алмасты. Іс-шара студенттердің психологиялық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз әрі құрметке негізделген қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации