ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ ERASMUS+ UNIFUND ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 қараша 2026
  • 72

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ ERASMUS+ UNIFUND ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен Erasmus+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын UNIFUND – «Қазақстан университеттерінде эндаумент-қорларды дамыту» халықаралық жобасының ресми ашылу кездесуі (Kick-off Meeting) өтті.

Аталған кездесуге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстанның және Еуропаның серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Халықаралық жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан университеттерінде эндаумент-қорлар жүйесін дамыту, жоғары оқу орындарының қаржылық тұрақтылығын нығайту, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру және университеттерді қаржыландырудың қосымша тетіктерін жетілдіру.

WhatsApp Image 2026-11-26 at 12.04.33.jpeg

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жобаның серіктесі ретінде оның негізгі жұмыс бағыттарын іске асыруға қатысады.

Кездесу барысында университет өкілі, «Korkyt Ata Endowment» корпоративтік қорының директоры Маржан Базарханова баяндама жасап, университеттің халықаралық жобадағы рөлі, міндеттері және күтілетін нәтижелері туралы ақпарат берді.

Жоба аясында университет эндаумент-қорлардың қызметін бағалау, фандрайзинг және қорларды басқару саласындағы кәсіби құзыреттерді арттыру, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ жоба нәтижелерін тарату және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағыттарына қатысады.

Сонымен қатар, Италияның Турин политехникалық университеті мен Болгарияның София университетінің озық тәжірибесін зерделеу, халықаралық оқыту іс-шараларына қатысу және заманауи цифрлық шешімдерді қолдану көзделген.

WhatsApp Image 2026-11-26 at 12.04.58.jpeg

Жобаның маңызды бағыттарының бірі – университеттік эндаумент-қорлардың Ұлттық қауымдастығын қалыптастыру және олардың ұзақ мерзімді дамуына жағдай жасау. Сондай-ақ жоба аясында Қызылорда қаласында қорытынды іс-шаралардың бірін өткізу жоспарланған.

UNIFUND халықаралық жобасы 2026–2029 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Жобаға қатысу Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің халықаралық ынтымақтастығын кеңейтіп, эндаумент-қордың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, түлектер мен меценаттарды тартуға және университеттің стратегиялық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации