ҚЫЗЫЛОРДАДА AI ЖОБАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ INNOFEST KYZYLORDA 2026 ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 қараша 2026
  • 65

ҚЫЗЫЛОРДАДА AI ЖОБАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ INNOFEST KYZYLORDA 2026 ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

4–5 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында жасанды интеллект саласындағы инновациялық жобаларға арналған республикалық InnoFest Kyzylorda 2026 фестивалі өтеді.

Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – жасанды интеллект технологияларын дамыту, отандық IT-жобаларды қолдау, дарынды жастардың әлеуетін ашу және инновациялық идеялардың жүзеге асуына мүмкіндік жасау.

Фестиваль барысында Қазақстанның әр өңірінен келген қатысушылар 24 сағат бойы қарқынды жұмыс істеп, өз идеяларын жасанды интеллектке негізделген инновациялық IT-жобаларға айналдырады. Сонымен қатар олар тәжірибе алмасып, сала мамандарының ұсыныстарын тыңдап, дайын шешімдерін сарапшылар назарына ұсынады.

Іс-шараға IT және жасанды интеллект бағытында еңбек ететін 12-ден астам сарапшы мен спикер шақырылып, олар өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөліседі. Бағдарламада тақырыптық семинарлар, сараптамалық кездесулер және менторлық қолдау қарастырылған. Мұндай формат жастардың технологиялық сауатын арттырып, жаңа білім игеруіне және саладағы жетекші мамандармен кәсіби байланыс орнатуына жол ашады.

WhatsApp Image 2026-11-26 at 15.44.51.jpeg

InnoFest Kyzylorda 2026 үш негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылады:

●     AI Software – жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалық шешімдер мен цифрлық өнімдер әзірлеу;

●     AI Hardware – жасанды интеллект технологияларын аппараттық шешімдермен ұштастыру;

●     AI Media – жасанды интеллект көмегімен креативті контент пен мультимедиалық өнімдер жасау.

Фестивальдің жалпы жүлде қоры – 6 миллион теңге. Сонымен қатар үздік жобалардың авторларына білім беру гранттары мен арнайы сыйлықтар табысталады.

InnoFest Kyzylorda 2026 – бұл тек технологиялық жарыс емес, сонымен қатар жастардың шығармашылық әлеуетін, инженерлік ойлауын және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды алаң. Фестиваль өңірлік IT-экожүйені нығайтуға, жаңа стартаптардың қалыптасуына және жасанды интеллект саласындағы тың идеялардың дамуына серпін береді.

Өтетін күні: 2026 жылғы 4–5 желтоқсан
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Өнер орталығы
Тіркелу сайты: innofest.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации