ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС: ҮЗДІК ЖОБАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 қараша 2026
  • 79

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС: ҮЗДІК ЖОБАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ғылым, технология және инновациялар: экологиялық қауіпсіздік және климаттық тұрақтылық» тақырыбында өңірлік ғылыми-технологиялық хакатон өтті. 
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастырған хакатонның мақсаты – өңірдің өзекті мәселелеріне ғылыми шешімдер ұсыну. Сондай-ақ тың идеяларды нақты технологиялық жобаларға айналдыру. 

WhatsApp Image 2026-11-26 at 16.29.24 (5).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-26 at 16.29.25.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-26 at 16.29.25 (2).jpeg

Хакатонның ашылу салтанатында университеттің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Наргүл Аманқызы ғылымның қолданбалы маңыздылығына тоқталып, ғылыми зерттеулердің өндіріс пен нақты өмірде тиімді қолданылуының маңызын атап өтті. Сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Биғалиұлы қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.
Хакатон аясында Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп өңірдің ғылыми-технологиялық дамуының алты басым бағыты айқындалды. Олар: су қауіпсіздігі, агроөнеркәсіптік кешен, экологиялық қауіпсіздік, айналымды экономика, жер қойнауын ұтымды пайдалану және цифрлық трансформация.

WhatsApp Image 2026-11-26 at 16.29.24 (4).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-26 at 16.29.24 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-26 at 16.29.25 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-26 at 16.29.23.jpeg

Екі күнге созылған жұмыс барысында алты команда құрамында университет ғалымдары, өндіріс орындарының өкілдері, сала мамандары мен сарапшылар бірлесе жұмыс істеді. Атап айтқанда, қатысушылар су ресурстарын тиімді пайдалану, агроөнеркәсіптік өндірістегі ресурс үнемдеу, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, минералдық шикізатты кешенді игеру және цифрлық мониторинг жүйелерін енгізу бағыттарында жобалар әзірледі.
Байқаудың қорытынды кезеңінде сарапшылар алқасы командалардың ғылыми жаңалығын, ұсынылған технологиялық шешімдердің практикалық маңызын, экономикалық және экологиялық тиімділігін бағалады.

WhatsApp Image 2026-11-26 at 16.29.24.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-26 at 16.29.23 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-26 at 16.29.24 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-26 at 16.29.24 (2).jpeg

Хакатон қорытындысы бойынша І орынды «Агроөнеркәсіптік кешен» командасы,  ІІ орынды «Цифрлық трансформация» және «Жер қойнауын ұтымды пайдалану» командалары, ІІІ орынды «Айналымды экономика», «Экологиялық қауіпсіздік» және «Су қауіпсіздігі» командалары иеленіп, арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. 
Марапаттау рәсімінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұриддин Аманқұлұлы құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің ғылыми әлеуетін арттыруда ғылым мен өндіріс байланысын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кету керек, хакатонға университет қызметкерлері, ғалымдар, сарапшылар және өндіріс саласының мамандары мен  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации