«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ОҚЫРМАННЫҢ КӨҢІЛ КҮЙІНЕ САЙ КІТАП ҰСЫНАТЫН ПЛАТФОРМА ӘЗІРЛЕДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 27 қараша 2026
  • 55

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ОҚЫРМАННЫҢ КӨҢІЛ КҮЙІНЕ САЙ КІТАП ҰСЫНАТЫН ПЛАТФОРМА ӘЗІРЛЕДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті Раушан Алмат «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында оқырмандарға арналған «Қазына» цифрлық платформасын әзірледі.

Жоба кітап оқуға уақыт таба алмайтын немесе қандай шығармадан бастарын білмейтін адамдардың әдебиетке қызығушылығын арттыруды көздейді. Платформа қолданушының көңіл күйі мен ішкі сезіміне сәйкес туынды ұсынып, алдымен оның әсерлі диалогін немесе қысқа үзіндісін таныстырады. Оқырманның қызығушылығы оянған сәтте кітаптың толық нұсқасына өтуге мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-11-27 at 10.57.10 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-27 at 10.57.10.jpeg

«Қазына» платформасында көңіл күйге қарай кітап ұсынатын алгоритм, оқырмандардың пікір алмасуына арналған орта, жеке кітапхана және шығармашылық парақша жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Қолданушылар таңдаулы кітаптары мен дәйексөздерін сақтап, өзара бөлісе алады. Сондай-ақ поэзияға қызығатын оқырмандар мен жас авторлар өлеңдерін жариялап, жеке немесе көпшілікке қолжетімді парақша жүргізе алады.

Платформада көркем әдебиет, психология, қаржы және детектив бағыттарын қамтитын 100-ден астам кітап жинақталған. Әдеби қор қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Алдағы уақытта кітаптар санын көбейтіп, платформаның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр.

«Қазына» – оқырманның қызығушылығы мен көңіл күйін ескеретін, кітап таңдауды жеңілдетуге және жастар арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жаңа буын цифрлық кітапханасы.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации