«АЛТЫН КҮЗ – 2026» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 27 қараша 2026
  • 36

«АЛТЫН КҮЗ – 2026» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттер арасында дәстүрлі «Алтын күз – 2026» байқауы өтті.  Жыл сайын студенттердің асыға күтетін шығармашылық сайысы биыл да жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың өнері мен қабілетін, тапқырлығы мен сахна мәдениетін танытуға мүмкіндік берді.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, қатысушылар «Таныстыру» кезеңінде өздерін таныстырып, «Өнерің өрге жүзсін» бөлімінде өнерлерін ортаға салды. Ал «Бейнероликтер сайысында» шығармашылық ізденістері мен тың идеяларын көрсетті. Жалпы байқауға 7 жұп қатысып, өзара достық пен шығармашылық бәсекелестік аясында бақ сынады.

WhatsApp Image 2026-11-27 at 12.52.09 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-27 at 12.52.10.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-27 at 12.52.08 (1).jpeg

Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша №5 жатақхананың студенттері Нұрәділ Мырзатайұлы мен Гүлсезім Нұрлыбекқызы үздік өнер көрсетіп, бас жүлдені иеленді.

Ал І орынға №5 жатақхананың студенттері Аңсар Жалғасбекұлы мен Марфуға Қанатқызы лайық деп танылса, ІІ орынды №3 жатақхананың студенттері Бекзат Батыров пен Іңкәр Қуанышқызы иеленді. Ал ІІІ орын №5 жатақхананың студенттері Ислам Әбілдаұлы мен Бибінұр Әмірханқызына және ДИЛМАШ жатақханасының студенттері Мейірхан Әмірханұлы мен Ақнұр Боранбайға бұйырды.

WhatsApp Image 2026-11-27 at 12.52.08 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-27 at 12.52.09 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-27 at 12.52.09 (2).jpeg

Сонымен қатар байқау барысында қатысушыларға «Көрермен көзайымы», «Өнерлі жұп» сынды арнайы номинациялар табысталды.

«Алтын күз – 2026» байқауы студенттердің шығармашылық әлеуетін шыңдап қана қоймай, олардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға, ортақ іске деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті. Сондай-ақ жатақханалар арасындағы достық пен ынтымақтастықты бекемдеп, университеттің студенттік өміріне ерекше серпін берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации