Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2022 конкурсы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 қазан 2022
  • 1734

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2022 конкурсы

Құрметті әріптестер!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2022» конкурсын (бұдан әрі конкурс) өткізетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін университеттің штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.

2022 жылдың 1-10 қараша аралығында өтетін конкурстың І кезеңіне қатысу үшін университеттің штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest.iac.kz) келесі құжаттарды тапсырады:

Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Байқаудың ІІ кезеңі 2022 жылдың 17 қараша- 3 желтоқсан аралығында өтеді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest.iac.kz сайтында жарияланған.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда a.mansurov@edu.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызға болады.

Ереже 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...