Пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 қазан 2022
  • 1455

Пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне орай «Жастар-Тәуелсіз елдің болашағы» атты дебат турнирі өтті.

Білім алушылардың жан-жақты дамуына, олардың азаматтық белсенділігі мен интеллектуалды ізденісін, қоғамда дұрыс саяси бағдарларын қалыптастыруға бағытталған сайысқа 8 фракция қатысты.  

«Пікірсайыстың басты мақсаты - Республика күнінің маңыздылығын насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар, білім алушылардың қоғамда болып жатқан әлеуметтік және саяси үдерістерге қызығушылығын арттыру болып табылады. Жастардың дебат ойындарына қатысуы олардың сыни ойлау қабілеттерін дамытып, қоғамдағы кез келген мәселеге пікір білдіре алатындай дәрежеге жеткізеді. Турнир Американдық парламенттік форматында (АПФ) өтті», - деді «АҚИҚАТ» саяси дебат клубының жетекшісі Айжан Орынбасар.

Шешендік өнер додасының нәтижесінде үздіктер анықталып, жүлдегерлер марапат төрінен көрінді. Пікірсайыс турнирінің жеңімпазы «Dream team» фракциясына арнайы кубок табысталса, 2-орын иеленген «Smart» фракциясына диплом мен естелік сыйлықтар берілді. Ал «Үздік спикер» номинациясын Айғаным Куанышбек иеленсе, «Үздік төреші» номинациясына Сабыржан Қуандық лайық деп танылды.

Айта кетейік, университетте 2004 жылдан бастап «АҚИҚАТ» саяси дебат клубы жұмыс істейді. Университеттің барлық институттарында бөлімшелер ашылып, қазіргі таңда 70 білім алушы тіркелді. Сондай-ақ, қаладағы 20 мектепте клубтың филиалдары ашылған. Онда 200-ден астам оқушы тәрбиеленуде.

IMGL0722.JPG

 

 

 

 

 

 

\

 

 

 

 

 

 

 

IMGL0757.JPG

IMGL0737.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 



 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...