Ыңтымақтастық көкжиегі кеңейді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 қазан 2022
  • 1367

Ыңтымақтастық көкжиегі кеңейді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды. Құжат жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, болашақ педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға, білімін жетілдіруге мүмкіндік бермек.
- Алдымызда ауқымды әрі маңызды міндеттер тұр. Ынтымақтастық аясында студенттер дарынды оқушылармен жұмыс жасап, тәжірибе жинақтайтын болады. Сонымен қатар, болашақ білікті педагогтарды тәрбиелеу бойынша бірлескен жобалар жоспарланып отыр, - деді «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің негізін қалаушы Рысбек Мәуліт.
Жиынға Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева, математик Рысбек Мәуліт қатысып, тараптар келісімге қол қойды. Айта кетейік, республика бойынша «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің 21 орталығы, 4 мектебі бар.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...