Археологтар халықаралық форумға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 қазан 2022
  • 1283

Археологтар халықаралық форумға қатысты

Түркістан қаласында «Еуразиялық далалық өркениет: адам және тарихи-мәдени орта» атты Еуразия даласы археологиясының V халықаралық конгресі өтті. Еуразиялық көлемде археологиялық форум алғаш рет өткізілді. Жиынға отандық және шет елден келген 200-ден астам жетекші ғалымдар қатысты.

Конгресте Еуразия археологиясының бүгінгі өзекті мәселелері талқыланып, шешілу жолдары ұсынылды. Заманауи мультипәнаралық әдістерге негізделген әлемдік ғылыми қауымдастықтың бірлесе қимыл жасауы арқылы археологиялық, сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдаланудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тың идеялар жарияланды.

Форумға университеттің Археология және этнография ғылыми орталығының жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі Сейдәлі Біләлов, орталықтың ғылыми қызметкерлері, тарих магистрлері Гүлмира Әмірғали мен Жетесби Сұлтанжанов қатысып, «Города огузов Восточного Приаралья: исторические ландшафты и новые исследования» және «Глазурованная керамика раннесредневекового городища Джанкент» тақырыптары бойынша баяндама жасады. Ғылыми мақалалар «5 th International congress of Archaeology of the Eurasian steppes Kazakhstan, Eurasian steppe civilization: human and the historical and cultural environment Turkistan,11-14 October, 2022» конгресс материалдар жинағына енді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесе зерттеулер жүргізетін РҒА Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ирина Аржанцева мен Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің профессоры Генрих Харке өңірімізде орналасқан ортағасырлық Жанкент қаласындағы зерттеулер нәтижелері мен келешегі жайлы баяндамалар жасады.

5.jpg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...