«Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 қазан 2022
  • 1532

«Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Республика күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен университетегі «Физика және математика» кафердрасының оқытушысы, шебер-педагог Балтабай Жәмешов «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 Балтабай Көшенұлы қаладағы №15 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі. Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде дуальды оқыту негізінде жұмыс істейді.

Педагог – еліміздегі үздік мұғалімдердің қатарында. Шәкірттері республикалық, халықаралық ғылыми жобаларда жеңімпаз атанып, олардың арасынан ғылым кандидаттары, өндіріс басшылары шықты.

Білім беру саласындағы жетістіктері үшін Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен», «Ы.Алтынсарин»  төсбелгісімен  марапатталған.

Педагог 2013 жылы «Үздік ұстаз» номинациясын иеленіп,  облыс әкімінің 1 000 000 теңгелік сыйақысымен марапатталды. 2018 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік түлек» төсбелгісі табысталды.

Әріптесімізді мемлекеттік наградасымен құттықтаймыз!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...