Технологияларды коммерцияландыру мәселесі талқыланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 қараша 2022
  • 1728

Технологияларды коммерцияландыру мәселесі талқыланды

Елордада «Technology Commercialization point» атты технологияларды коммерцияландыру мәселелерін талқылау алаңы өтті. Ғылым қоры және Ұлттық зияткерлік меншік институты (ҚазПАТЕНТ) ұйымдастырған жиында технологияларды коммерцияландыру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар айтылды.

«Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әбілда Шаменов және Ұлттық зияткерлік меншік институты директорының орынбасары Айша Жұмабекова шараның маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар технологияларды коммерцияландыру саласында кездесетін өзекті мәселелерді, сондай-ақ заңнамалық актілерге, оның ішінде осы проблемаларды шешуге ықпал ететін зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Шараға еліміздегі ЖОО-лардың және «Самұрық-Қазына» АҚ ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар талқылауға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Технологияларды коммерциаландыру» бөлімінің басшысы Нұржан Еділбаев қатысып, тақырыпқа сәйкес өз ұсынысын білдірді.

Кездесу еркін микрофон форматында өтті. Жиын соңында мамандар пікір алмасып, тақырып бойыншама заңнамаға ұсынымдар әзірленді.

WhatsApp Image 2022-11-01 at 17.31.01.jpeg

WhatsApp Image 2022-11-01 at 17.30.52 (1).jpeg

 

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...