- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Университет басқарма төрағасы – ректорының халық алдында есепті кездесуі өтті
85 жылдық тарихы бар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін таңдаушылардың қатары жыл сайын артып келеді. 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда білім алушылар саны 70%-ға артты. Бұл туралы университеттің басқарма төрағасы-ректоры Бейбіткүл Кәрімова 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы халық алдындағы есепті кездесуінде баяндады.
Университет ауқымды 4 бағытта жұмыс істейді. Олар – білім беру, ғылым және инновацияны, әлеуметтік-мәдени бағытты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Бүгінде оқу орнында ғылымды және ғалымдарды қолдау жұмыстары қарқынды. Ғылыми жобалардан түскен табыс та жылдан жылға артып келеді.
- Университетте 17 фундаменталды және қолданбалы ғылыми жоба іске асырылуда. Сонымен қатар біздің ғалымдар Нова Лиссабон университетімен бірге «Горизонт-2020» жобасын (Португалия) және Германияның гуманитарлық зерттеулер қорымен бірге археологиялық жобаны жүзеге асырып жатыр, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Айта кету керек, биыл Мичиган университетімен бірлесіп экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жоба аясында да жұмыс жүргізілуде. Жобаның грантхолдеры – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті болды. Біздің ғалымдар жас зерттеушілермен бірлесіп жүзеге асырған «Қазақстан университеттерінде экология және табиғатты қорғау ғылымдары бойынша негізгі оқу бағдарламаларын ілгерілету» жобасын АҚШ елшілігі қаржыландырды.
Ғылымды дамытамыз десек, жас ізденушілердің еңбегіне қолдау көрсету маңызды. Университетте жас ғалымдарды қолдау мақсатында өтетін конкурс биыл да жалғасады.
Оқу орнында халықаралық ынтымақтастықты нығайту шаралары да жүйелі іске асуда. «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша 25 студент шетелге жіберіліп, 12 шетелдік студент біздің университетте білім алуда. Сондай-ақ, 10 шетелдік маман дәріс оқып, ғылыми кеңес беруге шақырылды.
Қазіргі уақытта университеттің TOEFL тестілеу орталығында 33 қызметкер оқиды.
Оқу орны еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша білім беруді басты назарда ұстайды. Университетте 115 білім беру бағдарламасы бар.
Білім алушылардың сұранысқа сай сапалы маман болуымен қатар, оқу орнын бітіргесін жұмысқа орналасуы да өзекті. Білім алушылардың оқу процесі кезінде тәжірибеден өтуі де жолға қойылған.
- Тәжірибеден өту үшін өндіріс орындарында 21 кафедраның 94 филиалы бар. Білім алушылардың практикадан өтуін және жұмысқа орналасуын қатамасыз ету мақсатында өндіріс орындарымен, мекемелермен 59 меморандум жасалды. Осы өндірістерге 632 түлек жүмысқа орналастырылды, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Білім ордасының жылдан-жылға материалдық-техникалық базасы жаңарып келеді. Серіктестердің қаражаты есебінен 11 дәрісхана, 1 футбол алаңы күрделі жөндеуден өтіп заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті QS әлемдік рейтингісі бойынша Шығыс Еуропа және орталық Азия елдерінің ЖОО арасында ТОП-351-400 қатарына кіреді.
Айта кету керек, оқу ордасында 22 жастар ұйымы, 13 спорт секциясы білім алушылардың дені сау, жігерлі, білікті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Бүгінде университетте 5 институт, 24 кафедра, 5 ғылыми орталық қызмет етеді. Жалпы профессор-оқытушылар құрамы 560 адамды құрайды. Оның ішінде 22 ғылым докторы, 176 ғылым кандидаты, 37 философия докторы (PhD) бар.
Есепті кездесуге Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, Қызылорда облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Дүйсенбаев, «Қызылорда облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, университеттің Директорлар Кеңесінің мүшесі Ғалия Дәулетова, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, халық қалаулылары, қоғам белсенділері, серіктестер мен түлектер қатысты. Сондай-ақ, сала өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушылар, БАҚ өкілдері болды.
Ректордың есебінен кейін сұрақ-жауап өткізіліп, ұсыныстар айтылды.
Университет басшысы оқу орнының халықаралық рейтингтерде орын алуы, түлектердің жүйелі түрде жұмыспен қамтылуы, студенттердің бәсекеге қабілетті болуы және профессор-оқытушылар мен қызметкерлерді әлеуметтік қолдау күн тәртібіндегі негізгі мәселе екенін айтып, жиынды қорытындылады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...