ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызылордалық студенттермен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 қараша 2022
  • 1254

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызылордалық студенттермен кездесті

Сыр еліне іс-сапармен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесті.

  Шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, университеттің басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова қатысты.

WhatsApp Image 2022-11-03 at 11.19.18 (1).jpeg

  Болашақ журналистермен кездескен министр ақпарат саласының маңыздылығы, журналистерге қойылатын талаптар туралы сөз қозғады.

- Білімді әрі ізденімпаз, тақырыпты тереңірек зерттейтін журналист қай кезде де сұранысқа ие. БАҚ өкілдері – билік пен халық арасындағы дәнекер. Сөз ұстаған адам қай жерде де қадірлі болады. Бірақ сол сөзді салмақтап, жауапкершілікті сезіне білу керек. Қазіргі кезде сала мамандарының көбіне кәсібилік жетіспей жатады. Журналистің «төртінші билікке» айналуы сөз шебері болуына емес, ізденімпаздығына, сол саланы жетік білуіне байланысты. Сондықтан журналистер магистратура оқығанда, белгілі бір салада, мәселен заң, экономика сынды мамандықта білім алып, машықтанса қай жерде де орын бар, – деді Дархан Қуандықұлы.

  Жиын барысында студенттер министрге сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

  Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі университеттегі «М.Шоқайтану» ғылыми орталығының жұмысымен танысты.

WhatsApp Image 2022-11-03 at 11.19.20.jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...