АРТА сыртқы сараптау комиссиясының университетке сапары аяқталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 желтоқсан 2022
  • 1320

АРТА сыртқы сараптау комиссиясының университетке сапары аяқталды

2022 жылғы 28-30 қараша аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін институционалдық аккредиттеу шеңберінде Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА) сарапшыларының сыртқы сапары өтті. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы жоғары оқу орындарының өкілдері, жұмыс берушілер мен студенттер өкілдері кірді.

Сапар барысында сарапшылар тобы университеттің материалдық-техникалық инфрақұрылымымен: оқу ғимараттарымен, кітапханамен, мамандандырылған кабинеттермен, зертханалармен, цехтармен, спорт базасымен, жатақханалармен, тәжірибе базаларымен танысты.

Әкімшілік басқару аппаратымен, ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, профессорлық-оқытушылық құраммен, білім алушылармен, университет түлектерімен, жұмыс берушілермен кездесулер өткізілді.

Сарапшылар кафедраларды аралап, профессор-оқытушылар құрамының сабақтарына қатысты.

Сыртқы сараптау комиссиясының ЖОО басшылығымен қорытынды кездесуінде комиссия төрағасы университет қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты.

news01.12.JPG

news01.12-1.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...