Жоғары білім беру саласын дамыту мүмкіндіктері талқыланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 желтоқсан 2022
  • 1546

Жоғары білім беру саласын дамыту мүмкіндіктері талқыланды

 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. 
  Алдымен 85 жылдық тарихы бар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми-инновациялық жетістіктерімен танысып, профессор-оқытушылармен кездесті.  
  Жиынға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, оқу орны еліміздің сұранысына сай кәсіби мамандар даярлайтын бірегей білім ордасы екенін жеткізді.
  Мұнан кейін министр «Жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту: болашағы мен мүмкіндіктері», «Өңірлік университеттер – 2032: адами капитал және ғылым» атты форсайт-сессияларға қатысты. 
  Еліміздегі білім беру саласын, өңірдегі инновациялық жобалар мен технологияларды дамыту мақсатында өткен форсайт-сессияларда жаңа идеялар мен ұсыныстар айтылды.
  «Жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты форсайт сессияда 2050 жылға қарай халық санының артатындығы, жоғары білім беру саласындағы мүмкіндіктерді арттыру жолдары талқыланды.
 – Бүгінгі жиында жоғары оқу орындарының ең өзекті мәселелері талқыланып, халықаралық ынтымақтастықты дамыту тұрғысында жаңа идеялар айтылды. Форсайт-сессияның ұйымдастырылуы әртүрлі университеттен жиылған профессор-оқытушылардың тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік берді. Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушыларымен бірлесіп,    7 жылдан бері ғылыми зерттеулермен айналысып келемін, – деді Кажы Байрам Вели университетінің профессоры, PhD Хулия Касапоглу.
  Жиында қатысушылар алты топқа бөлініп, білім беру саласына қатысты негізгі мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. 
  Ал, «Өңірлік университеттер – 2032: адами капитал және ғылым» тақырыбында өткен форсайт-сессияда университеттерде жиі кездесетін мәселелер кеңінен қозғалды. 
  – Форсайт-сессияда профессор-оқытушылардың консерватизмі,  үздік ғалымдардың сыртқа кетуі, өңірдегі кадрлардың «қартаюы», материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі, аймақтағы халық санының динамикасы, экологиялық жағдайлар туралы айтылды. Сондай-ақ, қатысушылар профессор-оқытушылардың шет тілін меңгеруі, гранттық жобаларға қаржының аз бөлінуі, халықаралық қатынастарды кеңейту мәселелерін шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Біз университеттердің әр бес жыл сайынғы, яғни 2027, 2032 жылдарға дейінгі даму мүмкіндіктерін қарастырдық, – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма мүшесі – ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева. 
  Жиында ЖОО-ның басшылары, проректорлары, профессор-оқытушылар мен  жас зерттеушілер өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеяларды ортаға салды.

85 жылдық аясында ұйымдастырылған көрмеге Университетте орындалып жатқан гранттық қаржыландыру бойынша жобалар өз нәтижелерімен бөлісіп, жұмыс барысымен таныстырды. Атап айтсақ, «Қазақстандық Арал өңірінде шетелдік селекцияның африкалық тарысының перспективалы сортүлгілерін экологиялық сынау», «Робототехникалық жүйелерді машиналық оқыту әдістерін зерттеу және әзірлеу» жобаларының жұмыс барысы келген қонақтардың қызығушылын оятты. 

115.jpg

116.jpg

Жоба жетекшісі Н.Б.Қоңырбаев

117.jpeg

Жоба жетекшісі Н.Ш.Нургалиев

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...