Хабарландыру студенттер, магистранттар және докторанттардың академиялық ұтқырлығы туралы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 желтоқсан 2022
  • 1153

Хабарландыру студенттер, магистранттар және докторанттардың академиялық ұтқырлығы туралы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің халықаралық байланыстар бөлімі серіктес Лодзь университетінде (Польша) 2023 жылғы көктем семестрде оқуға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы конкурсына құжаттарды қабылдайтынын жариялайды. Бағдарламаға бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушылары қатыса алады.

Конкурстан өткен жағдайда білім алушылар өздері келесі шығыстарды төлеуге тиіс болады: барып-қайту жолақысын, медициналық сақтандыру полисін, визалық шығындарын және жатақханада тұру төлем ақысын. Лодзь университетінде 20.02.2023-07.07.2023жж. аралығында оқу тегін болады. Лодзь университетінің бағдарламасын семестр бойынша толық орындаған білім алушыларға транскрипт пен сертификат беріледі.

Өтініш беруші келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Білім алушының толық деректерімен университет басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (институт, мамандық, топ, төлқұжат деректері, тұрғылықты мекенжайы, э-пошта);

2) Үлгерімі туралы куәлік: университеттің мөрімен куәландырылған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;

3) Шетел тілін (ағылшын тілі) меңгеру деңгейін растайтын құжат: бар болған жағдайда шетел тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат (IELTS/TOEFL);

4) IELTS/TOEFL сертификаттары болмаған өтініш берушілер ағылшын тілі бойынша институционалды тестті 19 желтоксан күні сағат 17:00-де бас оқу ғимаратында офлайн форматында тапсырады.

 

Құжаттар халықаралық байланыстар бөлімінде 2022 жылдың 19 желтоқсанға дейін қабылданады.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, телефон: 26-17-25

Халықаралық байланыстар бөлімі.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...