Қызылордалық ғалымдар Терра Прета биотыңайтқышын өндіріске енгізуді ұсынды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 желтоқсан 2022
  • 1488

Қызылордалық ғалымдар Терра Прета биотыңайтқышын өндіріске енгізуді ұсынды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары күріш сабанынан Терра Прета биотыңайтқышын алудың инновациялық технологиясын әзірлеп, ауыл шаруашылығында қолданудың тиімділігін дәлеледеді.

«Тұрмағамбет» шаруа қожалығында өткен тәжірибелік жұмыс барысында Терра Прета биотыңайтқышын қолдану арқылы өсірілген дақылдардың өнімділігі 30-40 пайызға дейін артты. Бұл туралы ғалымдар ауылшаруашылық саласы мамандарының қатысуымен өткен жиында хабарлады.

photo_5249032867525280760_y.jpg

Биыл 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Күріш қалдықтарын өңдеумен алынған биотыңайтқышты топырақ құнарлылығын арттыруда қолдану арқылы ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру» жобасы жүзеге асырылды.

Қызылорда облысының ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Тұрмағамбет» шаруа қожалығы арасындағы келісім-шартқа сәйкес жоба бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жиында университеттің инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты, жоба жетекшісі Нұрлыбек Ахатаев «Тұрмағамбет» шаруа қожалығында жүргізілген жұмыстар туралы айтты.

- Күріш сабаны мен қауызын биотыңайтқышқа өңдеуге арналған орын әзірленіп, демонстрациялық учаскеге қажетті биотыңайтқышты өндіру жұмыстары жүргізілді. Егіс алқаптарын дайындау және егіс жұмыстарын жүргізу бойынша «Тұрмағамбет» ЖШС-нан ауданы 2 гектар атыз таңдап алынды. Көктемде атыз тегістеліп, егістік жер жыртылды, қарықталды, тазартылды. Технология енгізілетін учаскені биотыңайтқыштар көмегімен өңдеуде биотыңайтқыш 10 тонна/гектар нормада өңделді. Топырақ ылғалдылығын және басқа параметрлерді физика-химиялық талдаудың заманауи әдістерімен бақылау жасалды, – деді Нұрлыбек Ахатаев.

photo_5249236779687592852_y.jpg

Сондай-ақ, жиында «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхананың бас ғылыми қызметкері, профессор, жобаның бас ғылыми орындаушысы Нұрбол Аппазов Терра Прета тыңайтқышын өндіру идеясының қайдан туындағаны, артықшылығы туралы атап өтті.

- Бұл биотыңайтқышты жүгері қауызынан, басқа да дақылдар қалдығынан алу халықаралық тәжірибеде болғанымен, Қазақстанда бірінші рет жасалды. Оның ішінде Қызылорда облысында көп мөлшерде өсірілетін күріш қауызынан алуды басты мақсат еттік. Жыл сайын күріш қауызы мен сабаны қажетсіз зат ретінде арнайы аумақта өртеледі. Нәтижесінде түтіннен адам ағзасына зиянды қоспалар бөлінетін. Университет ғалымдары мыңдаған тонна ауылшуаруашылық қалдықтарын тиімді пайдаланудың ең тиімді технологиясын жасап шығарды.

 Жаңа биотыңайтқыштың артықшылығы оның құрамындағы гумустың мөлшері жоғары, топырақтың бірқатар көрсеткіштерін арттыратын қасиеті бар. Атап айтсақ, топырақ тұздылығын төмендетеді. Ылғалдылықты сақтайды, топырақ құрамындағы гумусты жоғарылатады. Соның нәтижесінде дақылдың өнімділігі 40%-ға дейін артады. Басқа тыңайтқыштарды егіс аумағына артық мөлшерде қолдансаң, кері әсерін тигізеді. Ал, Терра Претаны көп мөлшерде қолдану егінге еш залалын тигізбейді. Сондай-ақ, күріш қауызынан алынған биочарды мал бордақылау. бетонның мықтылығын арттыру мақсатында қолдануға болады, – деді Нұрбол Аппазов.

Айта кету керек, Терра Прета тыңайтқышын қолдану арқылы өсірілген қауын – 25 тен 33, қызанақ – 60 тан 75, сәбіз – 50 ден 65, картоп – 40 тан 50, қарбыз – 100 ден 128, қияр – 30 дан 37 тоннаға дейін өнім беретіні дәлелденді.

Шарада зертхананың ғылыми қызметкері, жаба қатысушысы Рахметулла Жаппарбергенов тыңайтқышты жасау, өңдеу технологиясымен таныстырды.

Бүгінде дақылдардың өнімділігін арттыруға үлкен ықпал ететін биотыңайтқыш – Терра Претаның тиімділігі ғылыми түрде дәлелденді. Ғалымдар егін шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге аталған тыңайтқышты қолдануға ұсынды.

photo_5249236779687592854_y.jpg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

                                       



 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...