«Үздік эссе» байқауының жеңімпаздары марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 желтоқсан 2022
  • 1288

«Үздік эссе» байқауының жеңімпаздары марапатталды

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдығына орай Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы жанындағы «Журналист» үйірмесінің ұйымдастыруымен қаламгер, ҚР Журналистер одағының мүшесі Жүзбай Таңрықбаевтің шығармашылығына арналған «Үздік эссе» байқауы өтті.

 «Үздік эссе» байқауының  мақсаты – болашақ жас журналистердің шығармашылық қабілетін дамыту және жазу шеберлігін шыңдау, тұжырым жасап, ақпаратты сараптай алуға үйрету.  Байқауға «Журналист» үйірмесінің мүшелері қатысты.

WhatsApp Image 2022-12-15 at 15.33.18.jpeg

 Сайыста білім алушылар қаламгер Жүзбай Таңрықбаевтың шығармашылығына байланысты тақырыптар бойынша эссе жазды.

 Нәтижесінде І орынды 3-курс студенті Ердәулет Қалиев иеленді. Байқауда І орынға – 50000 теңге (1-еу), ІІ орынға – 20000 теңге (2-еу), ІІІ орынға – 10000 теңге (3-еу),  ынталандыруға – 5000 теңгеден екі адам жүлдегер атанды.

WhatsApp Image 2022-12-15 at 15.33.18 (2).jpeg

  Таңрықбаев Жүзбай Ибрагимұлы 1950 жылы 10 мамыр күні бұрынғы Құмсуат қазіргі Бірлестік ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Орджонокидзе атындағы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін 1968-1971 жылдары Қызылорда қаласындағы политехникумға түсіп, техник-механик мамандығын алады. Еңбек жолын «Казсельхозтехника» автобазасында жүргізушіліктен бастаған. Бірнеше автокөлік мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған. «Казсельхозтехника» автобазасында директор, облыстық автоуправление басқармасында партком хатшысы қызметін атқарған. «Астана-моторс» ЖШС-де атқарушы директор, «Дорстой» ЖШС-де бас директордың кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2020 жылы Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» атағымен марапатталған. Қызылорда облыстық сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшесі. Бүгінде ол  облыстық «Кәсіпкер келбеті»  газеті мен республикалық «Кәсіпкер және мәдениет»  журналын 10 жылдан астам уақыт шығарып,  сол басылымдарға басшылық жасап келеді. Бүгінге дейін 10-нан аса кітап жазған.

WhatsApp Image 2022-12-15 at 15.33.18 (1).jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...