«Хабаршы» журналы – ғылым мен технология жаршысы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 желтоқсан 2022
  • 1499

«Хабаршы» журналы – ғылым мен технология жаршысы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаеваның қатысуымен «Қорқыт ата атындағы  Қызылорда университетінің Хабаршысы» журналының  қызметін жүйелендіру әрі ғылыми бағыттар бойынша қайта ұйымдастыру мақсатында жауапты сала өкілдерімен кездесу өтті.  Кездесуде басылымның жылдық қорытынды есебі тыңдалды.

Шараға басылымның барлық бағыттары бойынша жауапты редакторлары мен жауапты хатшылары қатысты.  Журнал 10 ғылыми бағыт бойынша жұмыс істейді.

2022 жыл бойынша журналда жалпы 167 ғылыми мақала жарық көрді.  Атап айтқанда ауыл шаруашылығы бойынша, математика, физика, химия, биология, техникалық ғылымдар, ақпараттама, есептеу техникасы және басқару, филология, педагогика, экономика ғылымдары бағыттары бойынша  жарияланды.

WhatsApp Image 2022-12-15 at 17.34.49.jpeg

«Қорқыт ата атындағы  Қызылорда университетінің Хабаршысы» журналын министрліктің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне 2022 жылдың қаңтар айында 10 ғылыми бағыт бойынша құжаттар жіберілген болатын.  Комитеттегі эксперттік комиссия мүшелері қайтарған ескертулер бойынша талдаулар жүргізіліп, алдағы уақытта тізбеге қосылудың кешенді шаралары талқыланды.

Жиынға қатысушыларға мақалаға қойылатын талаптар мен үйлестіру жұмыстарын жүргізу, отандық және шетелдік рецензенттерді тарту, антиплагиат платформасының жұмысын жіті қадағалау және т.б шаралары түсіндірілді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...