Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 желтоқсан 2022
  • 1628

Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Қызылорда облысы жеке сот орындаушылар палатасы арасында меморандум жасалды.

Жиында университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова меморандумның маңыздылығына тоқталып, жаңа құжат білім алушылардың мекемеде практикадан өтуіне, палата мамандарының университетте дәріс жүргізуіне ықпал ететінін айтты.

IMGL4290.JPG

Шараға палата төрағасы Кирилл Десятниченко және палата қызметкерлері, профессор-оқытушылар қатысты.

Айта кету керек, университетте «Құқықтану» кафедрасының ашылғанына биыл 30 жыл толды. Қазір кафедра түлектері еліміздің барлық аймақтарында сот органдарында, прокуратурада және басқа да құқық қорғау органдарында қызмет атқаруда.

«Құқықтану» кафедрасында құқық бағытының «Азаматтық құқық», «Қылмыстық құқық» және «Әкімшілік әділет» білім беру бағдарламалары бойынша 459 студент білім алуда.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамында 10-нан астам заң ғылымдарының кандидаты, 3 доцент, 7 магистр және 10-ға жуық өндірістік тәжірибесі мол практик-мамандар бар.

IMGL4304.JPG

Бүгінгі күні университет кафедраларының өндірісте 94 филиалы жұмыс істейді. Университет пен практика базалары арасында 700-ге жуық келісімшарт жасалған.

Алдағы уақытта меморандум аясында екі жақты нәтижелі жұмыстар жүргізіледі.

IMGL4356-1.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...