Университет проректоры Гонконг педагогикалық университетінде докторлық диссертациясын сәтті қорғады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 желтоқсан 2022
  • 1368

Университет проректоры Гонконг педагогикалық университетінде докторлық диссертациясын сәтті қорғады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Академиялық мәселелер бойынша проректоры Дана Абдрашева Гонконг педагогикалық университетінде (Education University of Hong Kong - EdUHK) докторлық диссертациясын табысты қорғады.

Дана Мейрамқызы «Competing Internationalization Rationales in Higher Education: the State, Academia and Students» (Жоғары білім беруді интернационалдандырудың қарама-қарсы факторлары: Мемлекет, университет және студенттер) тақырыбында ғылыми зерттеу жүргізген болатын. Осы университеттің стипендиясын иеленіп, білім алған ғалым өткен жылы оқуын аяқтады.

Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационалдандыру және Қазақстан-Қытай дипломатиялық қатынастарын дамытуға қосқан академиялық үлесі үшін халықаралық емтихан алушылар ғалымның ғылыми жұмысына жоғары баға берді.

Айта кету керек, Дана Мейрамқызы Еуразия гуманитарлық институтында оқытушы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның жоғары және кәсіптік білім департаментінің бас талдаушысы, кейін директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, Назарбаев университетінің магистратурасын бітіріп, білім беруді басқару магистрі дәрежесін алған.

P2122185.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...