Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары марапат төрінен көрінді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 желтоқсан 2022
  • 1160

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары марапат төрінен көрінді

Астана қаласында «AMANAT» партиясының қолдауымен «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» республикалық байқауы қорытындыланды. 
Байқауда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  білім алушылары Жансая Мирамбекқызы мен Ақжайық Тәжі жеңімпаз атанды. ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел I дәрежелі диплом мен «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы»  төсбелгісін табыстап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2022-12-27 at 15.16.23.jpeg

Тәжі Ақжайық – халықаралық деңгейде Оңтүстік Корея, Украина, Германия,  Ресей елдерінде ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындар алған. «Елбасы» және «Президенттік» стипендия иегері. «Елбасы Медалімен» марапатталған. ҚР дарынды жастарының Алтын кітабына енген және Алтын төсбелгі иегері. Қазіргі таңда 70-ке жуық халықаралық және республикалық ірі байқаулардың жеңімпазы.
Мирамбекқызы Жансая – қазіргі таңда ТМД-нің  үздік студенті. «Президенттік» стипендия иегері. Қызылорда облысы бойынша  «ТОП-20 үздік студент» жобасының жеңімпазы. Жеке кәсіпкер, 4 авторлық куәлік иегері және 4 методикалық нұсқаулықтары жарық көрген. Қызылорда «Болашақ» университеті Арал-Сырдария бассейнінің экологиясы мен биоресурстары ғылыми-зерттеу институты жылыжайының ғылыми қызметкері. Қазіргі таңда көптеген халықаралық және республикалық ірі байқаулардың жеңімпазы, сонымен қатар 6-дан астам ғылыми мақаласы бар.

WhatsApp Image 2022-12-27 at 15.16.24.jpeg
Айта кетейік, байқауға дарынды және үздік жастар, әскери және заң саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлері, білім беру ұйымдарының педагогтары мен медицина саласының қызметкерлері бақ сынады.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...