Жақсылық жасап жарысайық
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 желтоқсан 2022
  • 3154

Жақсылық жасап жарысайық

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.

Қазіргі заманда жастар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, ізгі іс жасауға баулу басты мақсатқа айналып келеді.
Жаңа жыл қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 6В07155 - Электр энергетикасы білім беру бағдарламасының ЭЭ-20-1, ЭЭ-21-1 оқу тобының ерікті жастары қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Топ эдвайзері Айша Айтуғанова бастаған еріктілер көпбалалы және жағдайы төмен бір отбасының балаларына тәттілер сыйлап, азық-түлікпен қамтамасыз етті. 

Сонымен қатар, «Балаларға күлкі сыйла!» акциясын  Қызылорда облысы, Қызылжарма ауылындағы ерекше балақай Тұмарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлық табыстады. 

Бұдан бөлек жүрегі жылулыққа толы қайырымды жандар балалар жылы аясында да көптеген қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырылып келеді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...