Әріптестеріміз марапат төрінен көрінді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 желтоқсан 2022
  • 1314

Әріптестеріміз марапат төрінен көрінді

Оқу орнының профессор-оқытушылары мен ректорат мүшелері Қызылорда облыстық полиция департаментінің «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен наградталды. 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 2021 жылдан бастап Департамент базасында кафедра филиалын құру және дуальды оқыту жүйесін жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық қарым-қатынаста. Нәтижесінде білім алушылар облыстық полиция департаментінің базасында өндірістік тәжірибеден өтіп, дипломдық жұмыстарына қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, екіжақты келісім негізінде түрлі конференциялар мен семинар, кездесулер тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұдан бөлек, білім ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің талабына сай, «Құқықтану» кафедрасында Департамент ардагерлері Нысанкулов Амирхан Сейдуллаевич, Отарбаев Ғанибек Сырмағамбетович, Канатбаев Темирхан, Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы, Садыков Марат Абдулахатовичтер қызмет атқаруда.

Басқосуда департамент өкілдері университет ұжымына алғыс білдіріп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Жиынға облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әміржан Утегенов,  ҚР Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері, полиция полковнигі Әмірбек Шаймағамбетов, облысық Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Сәкен Бөрібаев пен аға инспектор, полиция майоры Сабыр Ахметкалиев қатысты. Алдағы уақытта бірлескен ілкімді бастамалар мен сәтті жобалар жалғасын таба бермек.

WhatsApp Image 2022-12-30 at 15.37.08 (1).jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...