- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Қызылордалық жас ғалым «Smart ботаникалық бақ» жасамақ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге арналған ректор грантына конкурс ұйымдастырылды. Байқауға университет бойынша 22 жоба ұсынылып, оның ішінде 6 жас ғалымның жобасы үздік деп танылды.
Конкурс талабына сәйкес, білім ордасының 40 жасқа дейінгі ғалымдары мен 1, 2 курс докторанттары жаңа зерттеулерін ұсынды.
Айталық, жас ғалым, аға оқытушы Дархан Орынбеков заманауи Arduino технологиясымен «Smart ботаникалық бақ» жасақтамақ.
- «Smart ботаникалық бақ» – әлемдік және жергілікті бірегей флора туралы қазіргі заманғы деректерді қамтитын жоба.
Arduino – арнайы білімі жоқ, бірақ қызығушылығы жоғары қолданушыға арналған автоматика және робототехника салаларындағы әртүрлі электронды құрылғыларды жасауға арналған құрал. Arduino бөлшегі датчиктерден сигнал қабылдап, құрылғыларды басқара алады. Ол автономды режимде немесе компьютермен бірге жұмыс істейді.
Бақта өсімдік топырағына ылғалдылықты анықтайтын датчик қойылады. Сол датчик көрсеткіштері арқылы автоматты түрде суару қосылады. Өсімдіктердің суару жүйесі автоматтандырылған. 24 сағатта бір рет 10-15 минут суарылады. Ол өсімдіктің түріне де байланысты, – деді грант иегері Дархан Даниярұлы.
Ал, университеттегі «Археология және этнография» орталығының ғылыми қызметкері, PhD Ислам Құрманиязов Ежелгі Асанас, Қышқала, Арал-асар ескерткіштерінен табылған остеологиялық материалдарды ғылыми талдау және аймақтық ортағасырлар кезеңіндегі жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін зерттеу жұмысын қолға алғалы отыр.
Сондай-ақ, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша философия докторы Жарқынбек Әбікенов оңтүстік өңір тұрғындарының коммуникациялық мәдениетіндегі үдерістерді зерттеу жұмысымен айналыспақ. Ғалым Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстары мен Алматы, Шымкент қаласы тұрғындарының коммуникациялық дағдыларын басты назарға алуды жоспарлауда.
Гранттық жобаларды іріктеуде жоба тақырыбының маңыздылығына, ашықтығына, өзектелігіне ерекше басымдық берілді.
Қазақ халық педагогикасындағы дене шынықтыру дәстүрлерін терең зерттеп, студенттерді патриоттық тәрбиелеу жұмысы туралы PhD Талант Бимахановтың жобасы да конкурста қолдау тапты.
Ал, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ербол Бекіш XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақтың рухани және зайырлы интеллигенциясының ағартушылық-педагогикалық қызметін зерттемек.
Сондай-ақ, конкурс барысында тіл мәселесі де назардан тыс қалмады. Бастауыш, орта және жоғары мектеп мұғалімдеріне арналған психологиялық-педагогикалық терминдердің үш тілде глоссарийін әзірлеу туралы Жанна Ізтілеуованың жобасы да қолдауға ие болды.
Жобалары үздік деп танылған ғалымдар осы жылдың желтоқсан айына дейін зерттеу жүргізіп, республикалық және халықаралық ғылыми басылымдарға мақалалар жариялайды. Оларға осы жұмыстарды жүргізу үшін жалпы қаржы көлемі 10 млн теңгелік сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, 2021 жылы жалпы қаржы көлемі 10 млн теңгелік 4 жоба университеттің грантын иеленген болатын. Жас ғалымдарға арналған бұл конкурс дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді.
Университеттің ғалымдарға деген қолдауы зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жаңа жобалардың ашылуына жол ашпақ.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...