Сала үздіктері марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 желтоқсан 2022
  • 1069

Сала үздіктері марапатталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өткен Ғылыми кеңесте оқу орнының бірқатар қызметкері марапат төрінен көрінді. Атап айтсақ,  «Биология, география және химия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Анипа Тапалова,  «Биология,  география және химия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к.  Рахат Құрманбаев,  «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығының жетекшісі, PhD, университеттің қауымдастырылған профессоры Әзілхан Тәжекеев, «Экономика және басқару» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Алмакүл Әбдімомынова,Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, п.ғ.к. Баянәлі Досжанов және Басқарма төрағасы-ректор, ф.ғ.к. Бейбіткүл Кәрімова ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, жоғары білікті мамандар даярлауға еңбек сіңіріп, өз саласының кәсіби шебері саналатын оқытушы-профессорларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құрмет» грамотасы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Алғыс хаты» және облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер! Еңбектеріңіз жемісті болсын!

WhatsApp Image 2022-12-30 at 17.15.53.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-30 at 17.15.54.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-30 at 17.15.54 (1).jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...