Университет ғалымдары жаңалық ашып, әлемді дүр сілкіндірсе - маған үлкен сый жасар еді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 қаңтар 2023
  • 1361

Университет ғалымдары жаңалық ашып, әлемді дүр сілкіндірсе - маған үлкен сый жасар еді

Университеттің Басқарма мүшесі - ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Бөрібаева Майнұр Әбілтайқызы Сыр жұртшылығы үшін жаңа есім. Десек те, Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет, Еуразия Ұлттық университеті секілді еліміздегі беделді жоғарғы оқу орындарында жауапты қызметтер атқарған кейіпкеріміз жүктелген іске бірден кірісіп кеткені соншалық, айналасындағылар да оны жатырқамастан бірден үйренісіп алды. Барыс жылының соңғы сәттерінде келгеніне көп бола қоймаса да, қашанда істің бел ортасында жүретін Майнұр Әбілтайқызымен де әңгімелесудің сәті түскен болатын. -Сіз не үшін немесе кімге ризасыз?-Ең алдымен, мені өмірге әкеліп тәлім-тәрбие берген ата-анама ризамын, одан кейін – ғылымға баулып, артынан ертіп мені шәкірт қылған, өмірлік ұстазыма айналған ғылыми жетекшім филология ғылымдарының докторы, профессор, А.С.Пушкин медалінің иегері, қазірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденоваға ризамын.

-Жаңа жылдан қандай сыйлық күтесіз?

-Өзім қазір қызмет жасап жүрген Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары жаңалық ашып әлемді дүр сілкіндірсе екен деймін.

-Есте қалған ең жақсы сәт…

-2022 жылы есте қалған сәттер өте көп, оның ішінде достарыммен өткізген сәттер бар, әріптестеріммен бірлесіп жұмыс жасаған сәттер маған өте ыстық. Өйткені, «сәттер өтіп бара жатыр» демекші, бірге арман қуған армандастарымды сағынамын, ал олармен бірігіп атқарған жобаларды ерекше санаймын...

-Қандай мәселені сәтті шештіңіз?

-Сәттілік менің серігім десем көз тимейтін шығар, қандай да болмасын мәселені ақыл-оймен, сабырлықпен шешуге тырысамын. Сондықтан барлық мәселелер сәтті шешіліп келе жатыр.

-Өткен жылдың қай сәті есіңізге түскен сайын сізді күлдіреді?

-Ұшақтың уақытын ауыстырып аэропортқа бір күн бұрын барып алған сәт күлдіреді, көшеде келе жатып туфлидің каблугы сынып қалғаны күлдіреді.-Не туралы армандайсыз?-Университетіміз QS рейтингісінде ТОП-200 ЖОО қатарына кіріп ең алғашқы «өңірлік зерттеу университеті» болса екен – деп армандаймын. -Осы жылға сәйкес келетін нақыл сөзіңіз бар ма?-Ақырын жүріп анық бас-Рақмет! Әңгімелескен: Раушан Кенжетайқызы«Сыр түлегі».  

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...