Мен үшін ең үлкен сыйлық – ата-әжемнің батасы    
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 қаңтар 2023
  • 1267

Мен үшін ең үлкен сыйлық – ата-әжемнің батасы    

Айталық, ел аузында «Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмас» деген сөз бар. Осы тұрғыда ер-азаматтың даму өлшемдеріне сәйкес өзінің өмірлік жолын нақтылап, жас та болса бас болып жүрген университеттің Басқарма мүшесі - Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Базартай Жандос Нұртайұлына жылды қорытындылар тұста сұрақтар жолдаған едік. Жандос Нұртайұлының жауаптарын оқырмандар назарына ұсынамыз.              
- Биылғы жылдың оқиғалары туралы кітап жазғыңыз келсе, қай жанрды таңдар едіңіз? Комедия, махаббат хикаясы, драма, қорқыныш немесе басқа нәрсе?              
- Саламатсыз ба! Өте қызықты сұрақ. Мен басқа жанрды таңдар едім. Мысалға тарихи жанрды. Себебі биылғы жылда еліміз үшін көптеген тарихи оқиғалар мен өзгерістер орын алды. Еліміздің Ата заңына түзетулер топтамасы референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылды. Бұл өз кезегінде еліміздегі саяси жүйені қайта құру үшін, көптен күткен шараларды қамтып, қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылы форматтарын жаңартуға деген сұранысты қанағаттандырды. Сонымен қатар, Президент сайлауы өткізілді. Бұл науқанда да халқымыз өзінің жарқын болашағы үшін дауыс беріп, таңдауын жасады. Жалпы халық үшін тиімді көптеген шешімдердің қабылдануы - 2022 жылды Отанымыз үшін Әділетті Қазақстан құру жолындағы саяси реформалар жылы десек болады.              
- Жаңа жылда ерекше құттықтаумен кімді қуантқыңыз келеді?              
- Әрине ата-анамды. Себебі ата-анамның берген тәрбиесінің арқасында өсіп-өніп, биіктерге талпынып келемін. Сол себепті мен үшін ата-анама көрсеткен құрметтен артық қуаныш жоқ.               
- Сіз үшін осы жылдың басты жаңалығы қандай болды?.                     
-Мен үшін осы жылғы басты жаңалық – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне ресми кірісудің салтанатты рәсіміне қатысуым болды. Себебі еліміздегі миллиондаған, облысымыздағы жүз мыңдаған адамдардың ішінен шақыру алып, тарихи сәтке куә болу – бұл үлкен мақтаныш пен жауапкершілік. Бұл сенім мені одан сайын Отанымызды дамыту үшін аянбай еңбек етуге жігерлендіреді.              
- Биылғы жылғы ұмытылмас сәт...              
- Биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 85 жылдық мерейтойды атап өтті. Бұл шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы келіп қатысуы, түрлі форматтағы шаралардың ұйымдастырылуы, сол маңызды оқиғалардың ортасында жүру, ат салысу мен үшін өте әсерлі әрі өмірімде алтын әріптермен жазылатындай сәттер болып қалды.              
- Жаңа жылға сіз алған ең құнды сыйлық қандай?              
- Енді әр кезде әр түрлі сыйлықтар алып жүрмін. Балалық шақтағылар бөлек әрине. Қазіргі кезде көбінесе пайдалануға қажетті дүниелер береді. Жалпы мен үшін жыл сайын әулетімізбен Жаңа жылда ата-әжеміздің үйінде жиналғанда барлығы түгел отырып, бата алсақ үлкендерден содан артық сыйлық жоқ. Себебі бата қорғап жүреді, жолыңды ашады.              
- Алдағы жылдан не күтесіз?              
- Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп дейді ғой. Ең бастысы - амандық. Денсаулық болса, қалғандардың барлығына еңбекпен жетуге болады. Не нәрсе болса да күтіп отырғанмен келе қоймайды. Барлық армандарға тек қана нәтижелі жұмыспен жетуге болады. Жаңа жыл барлығымызға қуанышымен келсін!              
- Рақымет! Әңгімелескен: Раушан Кенжетайқызы«Сыр түлегі».     
 
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...