«ЖОО – Түлек – Жұмыс беруші: тиімді серіктестіктің болашағы»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 қаңтар 2023
  • 1105

«ЖОО – Түлек – Жұмыс беруші: тиімді серіктестіктің болашағы»

«Энергетик күні» – бұл энергетикалық жүйелерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысы бар барлық маманның мерекесі.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасы кәсіби мерекеге орай «ЖОО – Түлек – Жұмыс беруші: тиімді серіктестіктің болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға “Электр энергетикасы” мамандығын бітірген түлектер мен өңірдегі жұмыс беруші өндіріс орындарының өкілдері, білім алушылар қатысты.

«Энергетик күні» – «жарық» пен «жылу» түсінігі жай ғана сөздер емес, олардың ғұмырының айтулы маңызды бөлігіне айналған барша білікті мамандар мерекесі.

Жиын барысында бұл сала бойынша атқарылған жұмыстар мен мәселелер талқыланды. Өндіріс мамандары жас қызметкерлерге қандай талаптар қойылатынын, заманауи технологияларды тиімді пайдалану жолдарын түсіндірді.  Ал, білім алушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алып, пікір алмасты. 

Кәсіби мамандар жиылған шараны «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор м.а. Гүлнар Сыдықова жүргізді.

Айта кету керек, өндіріс орындарынан "Қазақэнергосараптама-Қызылорда" ЖШС бас сарапшысы Мейрамбай Ахметов,  “ПетроКазахстан-Кумколь ресорсиз” АҚ-ның бас энергетигі Ахмет Сералиев,  "Қызылорда электр тарату компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары Нұржан Күздібаев,  «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК бас инженерінің орынбасары Бақытжан Молдыманов,  «КЭЛМОСС» ЖШС директоры Ғабит Сәулебаев,  «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, Метрология және салыстырып тексеру зертханасының меңгерушісі Гүлзира Калменова,  И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық – техникалық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушылары – Айнұр Жұмагұлова, Маржан Қалмағамбетова, Ғайни Сейтжанова, Айжан Жұмағұлова қатысты.

Жиын барысында университеттегі «Түлектер» қауымдастығының төрайымы, э.ғ.к., «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Гүлшат Дүзелбаева түлектерге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті атынан естелік сыйлықтарды табыс етті.

attachment (1).jpeg

attachment.jpeg


«Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасы

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...