«Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария» оқу құралы жарық көрді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 қаңтар 2023
  • 1935

«Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария» оқу құралы жарық көрді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология кафедрасының аға оқытушылары -  PhD Нұржамал Ермұханова мен т.ғ.м. Диляра Нұржанованың «Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария» атты оқу құралы «Жиенай» баспаханасынан жарық көрді.

Оқу құралы университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде 2022 жылдың 17 ақпанында № 2 хаттамасымен бекітіліп, 27 қазанында басылымға қол қойылды. Шартты баспа табағы - 23, таралымы - 100 дана.

Оқу құралы – жоғарғы оқу орындары 6В112 – «Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау» және 6В052 – «Қоршаған орта» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттерге арналған.

Оқулықта өндірістегі жұмыс орнына әсер ететін зиянды және қауіпті факторлар тобы - өндірістік улар, шаң, т.б. және өндірістік микроклиматтың адам денсаулығына әсер ететін факторлары, өндірістегі жарықталу, шу, ультрадыбыс, инфрадыбыс діріл, электромагниттік сәулелену, иондаушы сәулелену, желдету, жылыту жүйелерімен оларға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптармен шекті рұқсат етілген деңгейлер қарастырылады.

image-12-01-23-02-21.jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...