«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 наурыз 2023
  • 1036

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен әлемдегі жетекші университеттер мен салалық ұйымдарда тағылымдамадан өтетін 25 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған: https://bolashak.gov.kz/kz/stipendiya-iegerleri
Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт лекке бөлінген. Құжаттарды қабылдаудың алғашқы мерзімі - 2023 жылғы 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында. Қабылдаудың екінші легі 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, үшіншісі - 5 маусым мен 7 шілде аралығында, төртіншісі - 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді.
Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...