ACG Students League - Студенттік киберспорт қайтып оралуда!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 наурыз 2023
  • 1254

ACG Students League - Студенттік киберспорт қайтып оралуда!

Кәсіби киберспорт сіз ойлағаннан да жақын! Қазақстанның Студенттік Киберспорт Лигасындағы өзіңнің киберспорттық жеңіс тарихыңды баста

Студенттік Киберспорт жөніндегі Ұлттық қауымдастықтың (NESA) және Алматы қаласы цифрландыру басқармасының қолдауымен Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері үшін CS:GO, Dota 2 және FIFA пәндері бойынша ACG Students League жаңа киберспорт лигасының басталуы жарияланады.

Ірі LAN-турнирлеріндегі керемет жекпе-жектер ACG Students League-пен бірге арман болып қалуды тоқтатады! Қазақстанның үздік 17 жоғары оқу орны, соның ішінде біздікі де өз командаларын елдегі ең ірі Студенттік киберспорт турниріне дайындайды.

Өз күшіңді сынап көр, әркім өз мүмкіндігіне ие бола алады. Турнир пәндері: CS: GO, Dota 2 және FIFA Лиганың жалпы жүлде қоры: 3 000 000 теңге!

Лиганы өткізу форматы:
Single Elimination Турнирдің 2 кезеңі: Online-біліктіліктің 4 кезеңі және LAN-финал Лига барлық ниет білдірген ЖОО студенттері үшін төрт online-біліктілікпен жаңа форматта өтеді. Әр команданың соңғы кезеңге өтуге 4 әрекеті болады. Ұтылған командалар 2023 жылдың наурызы мен мамыры аралығында тіркеу ашылатын келесі біліктіліктерге өтініш бере алады. Әр біліктілікке ең көбі 64 команда қатыса алады.
 
Бірінші біліктілік 17 наурыздан 29 наурызға дейін өтеді.
Екінші біліктілік 3 сәуірден 14 сәуірге дейін өтеді.
Үшінші біліктілік 18 сәуірден 30 сәуірге дейін өтеді.
Төртінші біліктілік 4 мамырдан 16 мамырға дейін өтеді.

Әрбір біліктілік жеңімпазы LAN-финалға қатысуға арналған слотты алады, оның жүлде қоры - 3 000 000 теңгені құрайды. LAN-Финал 19-22 мамырда Алматы қаласында лига қатысушысы университетінің сахнасында өтеді.

LAN-финал нәтижелері бойынша лига чемпионы ACG International-Қазақстандағы 2023 жылғы ең ірі халықаралық киберспорт турниріне тікелей шақыру алады!

Өтініш беру үшін(инстаграм): alash.esports

Топты жинап мобильді қосымшада немесе iplayesports.kz сайтында өтініш беріңіз. Орындар саны шектеулі! ACG Students League Season 1 - Кәсіби сахнаға өз сапарыңды баста.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...