Франциялық оқытушылар дәрістер сериясын жүргізуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 наурыз 2023
  • 1310

Франциялық оқытушылар дәрістер сериясын жүргізуде

Қорқыт атындағы Қызылорда университетінде Франция елінен келген профессор-оқытушылар білім алушыларға дәріс өткізуде.

Шетелдік ғалымдардың қатысуымен өткен арнайы жиында университеттің Басқарма Төрағасы – Ректордың м.а, Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева тәжірибелі ғалымдардың дәріс өткізуі білім алушылардың сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік екенін атап айтты.

P2155192.JPG

P2155085.JPG

Франциялық ғалымдар әр түрлі тақырыпта дәріс жүргізбек. Атап айтсақ, «Ірі компаниялардың даму стратегиясы: мемлекеттермен қарым-қатынас – Экономика – Тұрақты даму – РМК» тақырыбында профессор Жан-Пьер Кордье, «Климаттың өзгеруі және энергияның ауысуы» тақырыбында профессор Ксавье Лимпенс, «Мұнай және газ өнеркәсібінде еңбекті қорғау, тәуекелдерді қалай басқаруға болады?» тақырыбында профессор Франсуа Фурни, «Дағдарысты басқару және дағдарыстық коммуникация» тақырыбында профессор Филипп Гай, «Өнімділік пен ұқыптылық туралы ойлар: орындау мәдениетін дамыту» тақырыбында профессор Ив Яссо білім беретін болады.

 Ал «Инженерлер үшін негізгі басқару және бизнесті дамыту дағдылары» тақырыбында профессор Жан-Пьер Лоиза онлаин дәріс өткізуде.

Айта кету керек, білікті мамандардың сабақтары «TotalEnergies EP Kazakhstan» компаниясы қолдауымен жүргізілуде.

TotalEnergies тұрақты даму мектебінің (TESS) негізгі мақсаты –компания сарапшыларының сала бойынша тәжірибесін қазақстандық оқу орындарына тарату.

Шетелдік профессор-оқытушылар дәрісті 13-17 наурыз аралығында өткізеді.

P2155150.JPG

P2155126.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...