Университетте әз-Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 наурыз 2023
  • 891

Университетте әз-Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Ұлыстың ұлы күніне орай «Жыршы-термешілер» ауылы бой көтерді. Бүгін орталық алаңда арнайы тігілген инновациялық киіз үйде қала тұрғындары ғалымдардың жобалары, білім алушылардың ғылым саласындағы жетістіктерімен танысты. 
Бұл күні Сыр даласы әуезді ән мен күмбірлеген күйге тұнды. Университет жанынан құрылған «Дидар» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен дарынды жастар өнер көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді.  

IMGL4010.JPG

IMGL3752.JPG

Сондай-ақ, арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру сынды ұлттық ойындар ойнатылып, жиылған көпшілік арасынан жеңімпаздар анықталды. Жастар алтыбақан аясында тербеліп, профессор-оқытушылар мен білім алушыларға, тұрғындарға наурызкөже таратылды.

IMGL3690.JPG

IMGL3833.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...