- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Сәндігүл Дәрібаеваның 60 жасқа толуына орай салтанатты жиын өтті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасының академиялық доценті, педагогика ғылымдарының магистрі Сәндігүл Дәрібаеваның 60 жасқа толуына орай «Педагогика және дәстүрлі өнер» институтының академиялық сапа Кеңесі өтті.
Жиында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай ғалымның университет тарихында өз қолтаңбасын қалыптастырған тұлға екенін атап өтті. Сонымен қатар, білім және ғылым жүйесінің дамуына қосқан айрықша үлесі және білікті мамандарды дайындаудағы еңбегі үшін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік оқытушысы» медалін табыстады.
Салтанатты шарада Сәндігүл Құлаханқызы облыс және қала әкімінің, облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Педагог 1990 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауышты оқыту әдістемесі» кафедрасына оқытушы қызметінен қызмет жолын бастады.
Ғалымның халықаралық және республикалық деңгейде 50-ден аса ғылыми мақаласы жарық көрген. Сондай-ақ, «Конфликт психологиясы», «Психологияны оқыту әдістемесі» атты оқулықтың және «Жалпы психология», «Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыру», «Адам күні адаммен» т.б. оқу-әдістемелік құралдарының авторы.
«Сәндігүл Құлаханқызы дәріс беру барысында қазіргі таңдағы жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланады. Студенттердің бойында кәсіби шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру мақсатында және ғылыми ізденіс жұмыстарын үзбей жүргізіп келеді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы педагог-психолог мамандарға арналған лекциялар, семинар-тренингтер ұйымдастыруға белсене араласып, жастарға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету мақсатында маңызды жобаларды жүзеге асыруда»,-деді «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Бақытжамал Бекжанова.
Ұстаз 2004-2022 жылдар аралығында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «аймақтық модератор» атағына ие болды. Осы салада елеулі еңбегі үшін бірнеше рет «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Өңіріміздің білім беру саласын дамытуда, қоғамдық-мәдени, рухани-әлеуметтік жұмыстарында қол жеткізген табыстары мен елеулі үлесі үшін Қызылорда облысы әкімінің, облыстық білім басқармасының, облыстық діндер басқармасының «Алғыс хаты» мен «Құрмет грамотасымен» және «Қорқыт ата атындағы Алтын медалмен» марапатталған.
Айта кетейік, жиынға Сәндігүл Құлаханқызының замандастары, әріптестері, шәкірттері, университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушылар қатысты. Қатысушылар ғалымға жылы лебіздерін білдіріп, басқосу «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасы студенттерінің концерттік кешімен қорытындыланды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...