Институттар Наурыз мерекесін қалай атап өтті?
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 наурыз 2023
  • 1257

Институттар Наурыз мерекесін қалай атап өтті?

Ұлы өркениетімізден тамыр тартқан Ұлыстың ұлы күнін Гуманитарлық-педагогикалық институтына қарасты «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы думанды тоймен қарсы алды. Ұлттық дәстүр биыл да жалғасын тауып, институттарда кафедралар арнайы мерекелік шара ұйымдастыруда. Ас төресі – наурыз көже таратылып, өнерлі жастар оқу ордасын әнге бөледі. 

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасындағы оқу топтары ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Мереке нышаны саналатын наурызкөже әзірленіп, шарада білім алушылар әсерлі ән мен жырдан шашу шашты. 

Наурыз мерекесі қарсаңында «Педагогикалық және Дәстүрлі өнер» институтының «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы топтарының арасында «Наурыз көже» шоу байқауы өткізілді. Білім алушылар ұлттық мерекемізді жоғарғы деңгейде атқарды. 

WhatsApp Image 2023-03-24 at 17.35.03.jpeg

«Шетел тілі: екі шетел тілі және аударма ісі» мамандықтарының 1-курс білім алушылары арасында «Қош келдің, Наурыз!» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыс өте жоғары деңгейде, тартысты түрде өтті. Білім алушылар өздерінің ойларын ортаға салды. Сайыс «Таныстырылым», «Видео-сұрақ», «Көрініс» кезеңдері бойынша ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүр бойынша көрініс қойған студенттер жүлделі орындарды иеленді. 

Жаратылыстану институты «Денешыныктыру мамандығы» бойынша Фкс - 22 - 13 жэне Фкс - 22 - 15 оку топтарының білім алушыларына «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты Шырынкүл Тухмарова тәрбиелік-танымдық іс-шара ұйымдастырды. Білім алушылар ұлттық ойындар мен қазақтың салт-дәстүрі жайлы құнды мәліметтер тындап, шараға белсенді қатысты.

WhatsApp Image 2023-03-24 at 17.37.09.jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...