Қызылордалық ғалым Қырғызстанда өткен конференцияға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 наурыз 2023
  • 1265

Қызылордалық ғалым Қырғызстанда өткен конференцияға қатысты

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында "Қазіргі жағдайдағы сот сараптамасының теориясы мен практикасының өзекті мәселелері". Мемлекеттік емес (тәуелсіз) сот сараптамасы Сот төрелігінің балама құралы ретінде" атты бірінші халықаралық конференция өтті.

Ауқымды шараға Армения, Беларусь, Грузия, Молдова, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның мемлекеттік және жеке ұйымдарының сарапшылары шақырылды. Еліміздегі Алматы қаласының сараптамалық компаниясының директоры А. Еспаев және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің криминалистикалық зертханасының меңгерушісі М.Садықов қатысты.

WhatsApp Image 2023-03-24 at 17.56.38 (2).jpeg

WhatsApp Image 2023-03-24 at 17.56.38 (1).jpeg

Қырғыз тарапынан заң шығарушы органдар, криминалистика және сот сараптамасы саласындағы жетекші ғалымдар және мемлекеттік емес ұйымдардың сарапшылары баяндама жасады. Сот-сараптама қызметі саласындағы заңнамалық базаны жақсарту бойынша идеялар мен ұсыныстар айтылды.

Спикерлер республикамызда сот сараптамасының даму деңгейі техникалық жарақтандыру бойынша да, ғылыми әзірлемелердің жай-күйі бойынша да әртүрлі деңгейде екенін атап өтті.

Жиында барлық сарапшылар криминалистика және сот сараптамасы саласында бірыңғай сараптамалық ақпараттық кеңістік құру туралы бірауыздан шешім қабылдады.

WhatsApp Image 2023-03-24 at 17.56.38.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...