- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг бөлімі және мансап орталығы
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Батыстың менталитеті - еркіндік
Еңбек жолын осы университеттен бастаған Абайбек Талғатұлы 1995 жылдан оқу ордасында қызмет етіп келе жатқан мамандығына адал азамат. Бұл күндері техника ғылымдарының кандидаты, профессор Абайбек Жүнісов «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде Жоғары білім менеджменті бойынша тағылымдамадан өтуде. Жаңа жыл қарсаңында елге келген сәтінде әріптестері, жерлестері оны жылы қабылдады. Азғантай ғана уақыт ішінде ағылшын тіліне төселіп қалғандығына да ризашылық білдірді. Орайы түскен сәтті пайдаланып кейіпкерімізбен сұхбат ұйымдастырған едік.
- Абайбек Талғатұлы, бастапқыдағы тілді меңгерген деңгейіңіз шетелдіктермен араласуға жеткілікті болды ма?
- Америкаға баратын болған хабар шыққаннан кейін осында 3 ай ағылшын тілі курсына қатыстым. Ол деңгей АҚШ-қа жеткенше жарады. Америка құрама штаттарында 3 айдан бірнеше тілдік курстарға жазылып, қатысып, тәмамдадым. Әлі де жалғастырып жатырмын. Сондықтан ағылшын тілін үнемі әрі әрдайым жетілдіріп отыру қажет.
- Ол жақта өмір сүру қаншалықты ыңғайлы?
- Америкада өмір сүру ыңғайлы деп айтуға мүлдем болмайды. Толық нарықтық қарым-қатынастардың заңына бағынған капиталистік ел. Сондықтан да, ол жақта өмір сүру жеңіл емес, тіпті өте қиын. Ешкім де «танысым екен, туысым екен» деп бір-біріне қарайласу, көмектесу деген түсінік жоқ. Әр адам өзі өмір сүруге ыңғайланып, қаражатын тауып, уақытпен санаспай еңбек еткен жағдайда ғана өмірдің қиындықтарын жеңіп, сол елдің тыныс-тіршілігіне бейімделеді. Егер Америкаға барып тамаша жағдайға кенелуге болады екен деген қате пікір. Құрлықта өмір сүру Қазақстаннан да қиын.
- Жергілікті жерде батыстың менталитеті көп сынға ұшырап жатады. Осы тұрғыдағы ойыңыз қандай? Шетелдіктердің қандай қасиетін жоғары бағалайсыз?
- Батыстың менталитеті - еркіндік. Сөз еркіндігі, іс еркіндігі. Қылмыс жасамасаң болды, өзіңнің ойыңдағы, пікіріңдегі көп жұмыстарды жасай беруге мүмкіндік бар. Әр елде ойлау қабілеттілігі, дүниеге деген көзқарас, рухани жан дүниесі әртүрлі ғой, ол біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Шетелдіктердің маған ең басты ұнаған қасиеттері, олар уақыттың қадірін біледі. Уақытпен санаспайды. Мысалы түнгі 3-4-тен тұрып, жұмысқа шығып кете береді, таңғы 5-6-да жұмыста отыра береді. Сосын ерте демалады. 3-4-те жұмыстан келіп, ерте жатып қалады. Қажет болса 12 сағаттап еңбектене береді. Уақытты өте үнемді пайдаланатын дағдыларына тәнті болдым.
- Қазақстанда негізінен шетелдіктердің фаст-фуды көп жарнамаланады. Ал, өздері сол фаст-фудты қаншалықты тұтынады? Жалпы, американдықтардың ауқаттану мәдениетіне көңіліңіз тола ма?
- Фаст-фуд – тез дайындалатын тағам. 5 минутта әзір болады. Нан өнімдері, ет өнімдері, жемістер қосылған бургерлер ғой. Көпшілік халық тұтынады, әрине. Бірақ оны жиі тұтынудың зиян екенін дәрігерлер де, мамандар да айтып жүр. Сондықтан да, меніңше, жылдам дайындалатын асты шектеп пайдалану қажет. Ал, жергілікті халық тамаққа өте үлкен талғаммен қарайды. Отбасымен, достарымен, әріптестерімен негізінен мейрамханаларда тамақтанады. Жалпы, американдықтардың үйден тамақ пісіріп ішуі өте сирек кездеседі. Басым көпшілігі түскі ас, кешкі асқа өзінің таңдаған, сүйсініп ішетін тағамын мейрамханалардан барып ауқаттанады. Тамақтың түрі өте көп. Ет, нан өнімдері, жемістер. Біздің тұтынатын барлық ас-мәзірлеріміз ол жақта да бар. Батыстықтар өздеріне тамақтан шектеу қоймайды.
- Отбасылық құндылықтарды бағалау сипатына тоқталсаңыз?
- Американдықтар отбасылық құндылықтарды өте жоғары орынға қояды. Балалардың құқығы ерекше қорғалған. Ата-ана балаға беретін тәрбие арқылы өскелең ұрпақты елдің патриот азаматы етуді парыз санайды. Отбасылық құндылықтарды сақтауды олар солай тұжырымдайды.
- Шетелде оқудың мәні неде?
- Ел-жер көру, шетелдің тәжірибесін зерттеу, үйрену, қажетін алу, игерген білімді өз еліңде енгізіп, жүзеге асыру. Президенттің «Болашақ» бағдарламасының жүзеге асқан басты мақсаты да осы. Қазақстанның жастары шетелдегі озық университеттердің білімін алып, тәжірибесін меңгеріп, қажет тұстарын елімізге әкеліп енгізу мақсатында жұмыс жасап жатқан бағдарлама. Осы тұрғыда шетелде оқудың мәні өте зор. Ол үшін тіл білу өте маңызды.
- Сіз тағылымдамадан өтіп жатқан аймақта қандай бағытта мамандар дайындауға мән беріледі: инженерлік әлде гуманитарлық?
- Біз тағылымдамадан өтіп жатқан Джордж Вашингтон университетінде 100-ден астам мамандықтар бойынша кадрлар дайындалады. Біздің Қорқыт Ата университеті сияқты көпсалалы университет. Ол жерде заңгерлер де, дәрігерлер де, гуманитарлық, инженерлік – техникалық бағыттағы мамандықтар химиктер, физиктер, математиктер, ІТ саласының мамандары дайындалады. Негізінен АҚШ-та оқу орындары бейіні жағынан бөлінбейді. Көпсалалы болып келеді.
- Тағылымдамадан кейінгі артықшылықтар қандай болмақ?
- Біреуден артық болу басты мақсат емес әрине. «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндігімен оқуға жол түскеннен кейін жақсысын қабылдасақ, озық тәжірибелерін, инновациялық технологияларын игерсек деген ғана ой. Қандай артықшылығы болатынын елге келгесін өмір көрсетеді деп ойлаймын.
- Шетелдіктерден нені үйренуіміз керек?
- Шетелдіктерден білімге деген ерекше құштарлықты үйренуге болар еді. Жастар кітапханаға көп барады, кітапты көп оқиды. Сонымен қатар, уақыттың қадірін өте жоғары бағалайтын қасиеттері әсіресе, қазаққа қажет-ақ. Сағаттап жиналыс жасамайды, қонаққа ұзақ уақытқа бармайды. Бірнеше күнге созылған той жасамайды. Олар тек еңбек етеді. Мақсат – өмірдің талабына сай қаражат табу, материалдық, әлеуметтік жағдайын жақсарту.
- Америкалықтардың жалақысындағы айырмашылық қандай екен?
- Америка Құрама Штаттарында жалақы мәселесі жақсы жолға қойылған. Байқағанымыз, ерінбей адал еңбек етсең жалақысы да жақсы болады. Еңбекақы негізінен, сағаттық төлемақымен төленеді. Әр күнге өздерінің жұмыс кестесін қойып алады. Сол кестеге сәйкес жұмысқа келгендігі жөнінде, шығып бара жатқан мәліметі электронды базаға тіркеледі. Жұмыс беруші күндік еңбек еткен сағатын есептеп жалақыларын береді. Жалпы, Қазақстандық жүйемен салыстыра айтсақ, жалақылары өте жоғары. Өздерінің күнкөрісіне, жүріп-тұруына, медициналық қызмет алуына толығымен жетеді. Сондықтан, олар мүмкіндігінше жұмысына асқан жауапкершілікпен қарауға тырысады.
- Шетелдіктерді тағылымдамадан өткізуге біздің университеттің қандай ерекшеліктерін пайдалануға болады?
- Әрине, университетке келіп американдық профессорлардың лекция оқып, курстар жүргізуі, шетелдік студенттердің академиялық ұтқырлық нәтижесінде білім алуы біздің күн тәртібінен түспейтін мәселе. Оны күнделікті талқылап отырамыз. Бұл тұрғыда оларды ойландыратын бір ғана сұрақ: ондай ұсыныс американдықтардың мүддесіне қандай пайда алып келеді, түсіндіре аласыздар ма? – болып келеді. Мүддеге келсек, американдық профессорлардың еңбекақысы біздің Қазақстандық жоғары оқу орнындағы профессорлардың жалақысынан бірнеше есе көп. Оны да ескеру керек. Студенттердің оқу ақыларының ең төменгісі ол жақта орташа есеппен 35 мың доллар. Біздегі оқу ақысының мөлшері де белгілі. Сондықтан, шетелдіктерді тағылымдамаға немесе академиялық ұтқырлықпен оқуға шақырғанда бірінші кезекте олардың мүддесін қарастыру қажет. Әуелі осы бағыттағы жұмыстарды жолға қойған абзал. Біз соны түсіндік.
- Әлемдік деңгейге кандай ұлттық артықшылыктарымызды ұсынар едіңіз?
- Біздің ұлттық құндылығымыз осындай деп арнайы насихаттау орынсыз. Оны күнделікті тіршілік барысында аңғарта, артықшылықтарына таңғалдыра білуіміз қажет. Әрбір қазақтың отбасы, қазақтың азаматы өзінің ұлттық құндылығымен үйлесімді өмір сүрсе, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын өзінің күнделікті өмірлік дағдысына айналдырса ол тіл білмейтін адамның да назарын еріксіз аударар еді. Әлбетте, қазақтың әлемдік деңгейде ауыз толтырып айтарлықтай, мақтанарлықтай ұлттық құндылықтары жетерлік. Бар ерекшеліктерімізді іс-әрекетпен дәлелдей білсек болғаны.
-Уақыт тауып, сұхбат бергеніңізге рахмет!
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...