Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 наурыз 2023
  • 1103

Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы атанды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында  пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі қорытындыланды. «Археология және этнография» XVI республикалық пәндік олимпиадада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Жанкент» командасы І дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Байқауға оқу орнының 1-3 курс студенттері Рамазан Әлтаев, Қазбек Шаханов, Саят Нұрділдә қатысты. Жеңімпаздардың жетекшісі - «Тарих» кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ыслам Құрманиязов.

Айта кету керек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  
студенттер арасында VIII халықаралық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадада археология бағыты бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Қазыбек Шаханов ІІІ орын иеленді.

Білім алушыларды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тілейміз!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...