Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 31 наурыз 2023
  • 999

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Педагогикалық қызметтің теория мен практикасы: білім беру жүйесіндегі заманауи инновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

IMGL4963.JPG

Жиынға Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева қатысып, Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетімен өзара тәжірибе алмасу мақсатында жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, еліміздегі білім беру саласының дамуына, кәсіби білікті маман даярлауға қосқан үлес үшін Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Альфинур Галиакбероваға «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль» табысталатынын жеткізді.

Өз кезегінде Альфинур Азатқызы Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетіндегі білім беру процесі, инновациялық технологияларды қолдану бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Жиынға «Практикалық ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі Ербол Бекіш модераторлық етті. Конференцияда қатысушылар білім беру процесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістемелері бойынша тәжірибе алмасты.

IMGL4938.JPG

IMGL4974.JPG

Халықаралық конференцияда «Тәлімгерлік және тәлімгерлік моделін жүзеге асыру тәжірибесі», «Педагогикадағы сандық білім беру ортасы, цифрлық технологиялар және цифрлық білім ортасы», «Білім беру ұйымындағы  қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, буллингтің алдын алу: нормативтік-құқықтық және тәрбиелік аспектілер», «Заманауи оқытушы студенттердің көзқарасымен: құзыреттілік және кәсіби даму», «Қазақстан және Ресей ағартушыларының педагогикалық мұрасы» сынды бағыттар қамтылды.

Шараға отандық және шетелдік ғалымдар, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері мен ЖОО оқытушылары, докторанттар, аспиранттар және магистранттар қатысты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...