Халықаралық Түркі Академиясымен меморандумға қол қойылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 04 сәуір 2023
  • 707

Халықаралық Түркі Академиясымен меморандумға қол қойылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Халықаралық Түркі Академиясы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Қол қою рәсіміне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова, Халықаралық Түркі Академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев және академия сарапшысы Айсұлу Искандерова, профессор-оқытушылар қатысты.

IMGL5068.JPG

IMGL5102.JPG

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова меморандум ғылыми жұмыстарды бірлесіп атқаруға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті. 
Тараптар Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Сырдарияның төменгі сол жағалауында орналасқан көне Жанкент қаласында бірлескен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге келісті.
Жанкент (Янгикент, Жаңақала, Шахаркент) көне елді мекенін қазіргі кезеңде зерттеуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері PhD Әзілхан Тәжекеевтің жетекшілігімен үлкен үлес қосқанын атап өту маңызды.

Жанкент қалашығына қазба жұмыстары неміс (Тюбинген Университеті) және ресейлік (РҒА Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты) археологтарымен бірге бірнеше жыл қатарынан жүргізілді.

Археологиялық қазбалардың жаңа көкжиектері енді Халықаралық Түркі Академиясының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілмек.

IMGL5143.JPG

IMGL5181.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...