«Жас электрик – 2023» турнирінің жеңімпазы анықталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 сәуір 2023
  • 1347

«Жас электрик – 2023» турнирінің жеңімпазы анықталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жас электрик – 2023» облыстық турнирі өтті. Шараға өңіріміздегі 8 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің студенттері қатысты.

Білім алушылар турнирдің алғашқы кезеңінде мамандыққа байланысты тест тапсырмаларына жауап берді. Мұнан кейін электр жабдықтарын монтаждау, электр тогымен зақымдаған адамға алғашқы көмек көрсету бойынша бақ сынап, қатысушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдылары сынға түсті.  

IMGL5887.JPG

IMGL5861.JPG

- Турнирді өткізудегі мақсат – білім алушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, теория мен тәжірибені ұштастыру. Облыстық шара Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Білім ордасында 2000 жылдан бастап «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша кадрлар даярланады. Қазіргі уақытта бұл мамандық бойынша  300-ден астам студент білім алуда, – деді «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Гүлнар Сыдыкова.

Турнирде жеңімпаздарды Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева марапаттап, байқау білім алушылардың шеберлігін шыңдағанын атап өтті.

Жалпыкомандалық есеп бойынша І орынды «Орда» жоғары колледжі, ІІ орынды Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, ІІІ орынды Арал көпсалалы колледжінің командасы иеленді. Сондай-ақ, үздік қатысушылар номинациялармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

IMGL5944.JPG

IMGL5964.JPG

WhatsApp Image 2023-04-06 at 10.30.36.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...