AutoCAD - инженердің цифрлық құралы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 сәуір 2023
  • 1184

AutoCAD - инженердің цифрлық құралы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «AutoCAD» бағдарламасы бойынша дәстүрлі облыстық турнир өтті. Ақпараттық модельдеу технологиялары орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауға аймақтық жоғары және арнаулы оқу орындарының білім алушылары қатысты. 

WhatsApp Image 2023-04-13 at 17.03.39.jpeg

Ғылым декадасы аясында өткен байқаудың ашылу салтанатында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор Жандос Базартай сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2023-04-13 at 16.55.02.jpeg

Турнирдің қорытындысы бойынша ИС-21-3 оқу тобының студенті Нұрболат Абдрахманов І орын иеленсе, КД-21-1 оқу тобының студенті Балауса Зеңгібек пен  ТМО-20-1 оқу тобының білім алушысы Нұрсерік Тулеев ІІ орыннан көрінді. Ал жүлделі ІІІ орынмен ИСС-21-1 оқу тобының студенттері Ақнұр Сабырова, Бақдаулет Бозарбаев пен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті Біржан Октябрин марапатталды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар салтанатты турде табысталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.Айта кетейік, облыстық шара 2019 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.

  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...