- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг бөлімі және мансап орталығы
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Қызылордада ХХV дәстүрлі студенттік ғылыми конференция өтті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ғылым мен білімнің цифрлық трансформациясы тұрақты және инновациялық даму жолында» атты ХХV дәстүрлі студенттік ғылыми конференция өтті.
Конференцияға Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева қатысып, жас ғалымдарға қолдау қарқынды екенін атап өтті.
– Университетте студенттерді ғылымға тарту жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Оларды сан-салалы инновациялық жобалар мен технологияларды игеруге, жаңа білім мен идеяларды жүзеге асыруға бейімдеу – басты мақсатымыз.
Жыл сайын аймақ экономикасының өзекті проблемаларына арналған жастардың ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетілуде. Өткен жылы университеттің жас ғалымдарына арнайы 6 грант (10 млн теңге) тағайындалды. Биыл осы гранттар игерілген соң, жас ғалымдарға арналған жаңа конкурс жарияланбақ, – деді Майнұр Әбілтайқызы.
Шарада студенттердің шығармашылығы мен жетістіктер көрмесі таныстырылды. Ал, пленарлық мәжілісте білім алушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысын баяндады.
Айталық, студент Әбекен Айбек «Dark Maze атты қазақша компьютерлік ойын түрін ойлап тапса, Айсағали Әмірғалиұлы жұмыссыздық мәселесінің шешімін ұсынды. Ал, студент Оңғар Қарақат дәрумендермен байытылған емдік «Сарысу» сусынының адам ағзасына пайдасы туралы баяндады.
Сондай-ақ, білім алушылар Алмас Мирланұлы «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің тиімді әдістерін интерактивті бағдарламалар арқылы үйрету», Бақытәлі Жамбыл «Қазақ тілді әдеби сайттар мен порталдар: тақырып және проблема» тақырыбында баяндама оқыды.
Айта кету керек, университетте студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру мақсатында «Зерде» студенттер ғылыми қоғамы жұмыс істейді.
Өткен жылы білім алушылардың қатысуымен ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы негізінде 9 жоба, халықаралық бағдарламалар бойынша 3 жоба, облыстық бюджеттен 3 жоба орындалды. Ірі бизнес-құрылымдармен өзара тиімді ынтымақтастықтың нәтижесінде «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» және «ҚОР» компаниялары ғылыми-зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстары (НИОКР) орындалды.
Конференция соңында Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева ғылыми жетістікке жеткен білім алушыларға Басқарма Төрағасы – Ректордың марапаттарын тапсырды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...