Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері студенттермен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 сәуір 2023
  • 1049

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері студенттермен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері «Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің мүшелерімен кездесті. Басқосуға Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Мирамкүл Бибітова және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Шынтасов қатысты.

Кездесуде мемлекеттік тапсырыс арқылы грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектердің аудандар мен ауылдық округтерде төменгі лауызымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындау мүмкіндігі туралы түсіндрілді. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қызметте жұмыс жасау мүмкіндіктері мен жас мемлекеттік қызметшілерге көрсетілетін материалдық қолдау шаралары түсіндірілді.

Қатысушылар департаменттің функциялары мен құзыреттері, атқарған жұмыстарымен танысты. Кездесу соңында білім алушылар ой-пікірлерін білдірді.

36.JPG

37.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...