Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі студенттер мен магистранттарға арналған Литва Республикасының стипендиялық бағдарламасы конкурсына қатысу туралы Хабарландыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 мамыр 2023
  • 1037

Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі студенттер мен магистранттарға арналған Литва Республикасының стипендиялық бағдарламасы конкурсына қатысу туралы Хабарландыру

        Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық байланыстар бөлімі серіктес Вильнюс колледжі-ЖОО-да (Литва) 2023 жылдың күзгі семестрінде ағылшын тілінде оқу үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысуға шақырады. Литва ұлттық агенттігінің стипендиялық бағдарламасы конкурсына экономикалық және педагогикалық бағыттар, ақпараттық технологиялар және информатика, агротехникалық және химиялық бағыттар, өнер, креативті технологиялар, киім дизайны, қоршаған ортаны басқару және т. б. мамандықтар бойынша бакалавриат және магистратура (бітіру курстарынан басқа) білім алушылары қатыса алады.

Өтініш пен ілеспе құжаттар онлайн өтінімдер жүйесі бойынша мына сілтеме арқылы https://studyin.lt/scholarships/short-term-studies/ қабылданады.

Конкурс жеңімпаздары Вильнюс колледжінде 01.09.2023-31.12.2023 жылы аралығында тегін оқиды, білім алушылар ай сайын 490 еуро стипендия алады.  Вильнюс колледжінің бағдарламасын толық орындаған және семестр ішінде 30 ECTS кредитін меңгерген студенттер транскрипт пен табысты оқу сертификатын алады.

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

1. Ағылшын тілінде толтырылған онлайн-өтінім-сауалнама (онлайн-өтінімдер жүйесі арқылы);

2. Шартты оқыту келісімі (түсіндірмелермен толтыруға арналған үлгі-нысан қоса беріледі);

3. Бір ұсыныс хат (онлайн өтінімдер жүйесі арқылы толтыруға арналған үлгі-нысан қоса беріледі);

4. TOEFL/IELTS ағылшын тілінен емтихан тапсырған B2 және одан жоғары сертификаты. Егер үміткерде осы сертификаттардың ешқайсысы болмаса, онда өз университетінің ағылшын тілі профессорынан тілді меңгергенін растайтын қол қойылған хат (B2 деңгейі) қабылданады.

5. Мотивациялық хат (онлайн өтінімдер жүйесі арқылы толтырылуы керек).

Онлайн өтінім берудің соңғы мерзімі-2023 жылдың 8 мамыр, Вильнюс еуропалық уақыты бойынша 23:59:59.

Кеңес алу үшін халықаралық байланыстар бөліміне хабарласуға болады. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке Би көшесі, 29-А, бас ғимараты, 2-қабат, 224-кабинет, тел.: 26-29-57

Қорқыт Ата атындағы ҚУ Халықаралық байланыстар бөлімі.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...