Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚР ҒЖБМ конкурсы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 мамыр 2023
  • 1948

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚР ҒЖБМ конкурсы

«2023 жылға арналған шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу үшін орын санын бекіту туралы» Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы №199 бұйрығына сәйкес «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранты) бойынша оқитын бакалавриат студенттері үшін бір семестр бойы республикалық бюджет негізінде оқуға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды. Байқауға 1-2-3 курс студенттері қатыса алады.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен конкурсқа қатысуға көрсетілген құжаттарды ұсыну Қорқыт Ата университеті мен шетелдік әріптес ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін бакалавриат студенттері келесідей құжаттарды тапсыру қажет:

1. Университеттің құжаттармен қамтамасыз ету бөліміне:
1) Университет басшысының атына жазылған студенттің өтініші;
2) ҚР азаматы паспортының көшірмесі;
3) Білім туралы құжат: Ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт (Университеттің мөрімен куәландырылған);
4) Шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін өткізу керек):
-Халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шетел тілін білу туралы сертификат (IELTS, TOEFL), болған жағдайда;
- Шетел ЖОО-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат немесе бір академиялық кезеңге оқуға шақыру туралы ЖОО-ның хаты, болған жағдайда;
- Егер шетел тілін меңгеру деңгейі туралы құжат болмаса, онда TOEFL ITP бағдарламасы бойынша институционалдық тестілеу өткізілетін болады (өткізілетін уақыт қосымша хабарланылады);

5) № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтамасы (шетелге шығушылар үшін);
6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;
7) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат (болған жағдайда);
8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);
9) студенттің мүгедектігі туралы аныңтама (болған жағдайда).

2. egov.kz порталына:
1) Үміткердің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
2) ҚР азаматы паспортының электронды көшірмесі;
3) Білім туралы құжаттың электронды көшірмесі:
Ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт (университеттің мөрімен куәландырылған);
4) Шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаттың электронды көшірмесі (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін өткізу керек):
-Халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шетел тілін білу туралы сертификат (IELTS, TOEFL);
-Шетел ЖОО-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат немесе бір академиялық кезеңге оқуға шақыру туралы ЖОО-ның хаты;
-- Егер шетел тілін меңгеру деңгейі туралы құжат болмаса, онда TOEFL ITP бағдарламасы бойынша институционалдық тестілеу өткізілетін болады (өткізілетін уақыт қосымша хабарланылады);
5) № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтамасының электронды көшірмесі (шетелге шығушылар үшін);
6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміркердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімінің электронды көшірмесі;
7) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжаттың электронды көшірмесі (болған жағдайда);
8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың электронды көшірмесі (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);
9) студенттің мүгедектігі туралы анықтама, жанұя құрамы жөніндегі анықтаманың электронды көшірмесі, студенттің көп балалы отбасынан шыққанын дәлелдеу үшін (болған жағдайда);

Үміткерлерді іріктеу ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» ережесіне сәйкес Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиясында қарастырылады.  
         Конкурсқа қатысу жөнінде сұрақтар бойынша кеңес Университеттің халықаралық байланыстар бөлімінде беріледі, мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29-А, бас оқу ғимараты, 2 қабат, №212, №224 бөлмелер, тел. 26-17-25, 26-29-57. 
Жұмыс кестесі:
1)  Университеттің құжаттармен қамтамасыз ету бөлімі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29-А, бас оқу ғимараты, 3 қабат, №302 кабинет, тел. 26-27-14.

 2)  egov.kz порталы: Тәулік бойы жұмыс істейді
 
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылғы 19 маусымға дейін жүргізіледі.

Халықаралық байланыстар бөлімі

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...