«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы бос лауазымына орналасуға байқау жариялайды.
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 23 мамыр 2023
  • 1521

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы бос лауазымына орналасуға байқау жариялайды.

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ-ның Директорлар кеңесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29а, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы бос лауазымына орналасуға байқау жариялайды.

Үміткер құжаттарын қабылдау осы байқау өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

Комплаенс-қызметінің басшысы лауазымына жоғары (заң, гуманитарлық) білімі бар, білім беру ұйымдарында басшы лауазымдарда (құқық қорғау, арнаулы қызмет органдарында) немесе қызмет саласы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. 

Комплаенс-қызметінің басшысы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің» ISO 37001:2016 халықаралық стандарты, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасын, 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, білім беру қызметін, ұжымдық шарттар жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері; еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, сапа саласындағы қоғамның саясаты мен мақсаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мүдделер қақтығысын шешу саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттар.

Байқауға қатысуға үміткер тұлға Корпоративтік хатшыға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) байқауға қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) түйіндеме;

4) білімі туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;

6) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

7) комплаенс-қызметті туралы таныстырылым (жұмысты жүргізе алу пікірлерін қосу, көзқарас ұсыну)   (комплаенс-қызметтің басшысы үшін ғана).

Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Корпоративтік хатшыға Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29а, кабинет 405, мекенжайы бойынша тапсыру қажет., телефон: 8-702-210-94-68; email: Gulshat_korkyt@mail.ru

Өтініш үлгісі

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...