Ресейлік ғалым онлайн дәріс жүргізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 31 мамыр 2023
  • 1129

Ресейлік ғалым онлайн дәріс жүргізді

Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, «Адам биологиясы және физиологиясы» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сергей Суматохин «Мектептегі биологиялық білім беруді дамытудың заманауи перспективалары»  атты онлайн дәріс өткізді. Білім беретін мектеп мұғалімдерін де толғандыратын заманауи тенденцияларын көрсетті. ZOOM платформасы арқылы өткен дәріске Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Профессор Сергей Суматохин – 300 оқу-әдістемелік құрал және ғылыми жұмыстардың авторы. Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде биологияны оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми-педагогикалық мектептің жетекшісі. 15 жылдан астам уақыт бойы ЖАК тізіміне кіретін «Мектептегі биология» ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторы қызметін атқарады.

Дәріс барысында мектептегі білім беру саласындағы әлемдік зерттеулер, PISA және TIMSS бағдарламалары бойынша мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ, жаһандық құзыреттілік моделін, бағалаудың негізгі тәсілдерін талқылады.  Ресей мен Қазақстандағы жаһандық құзыреттілікті бағалау мониторингі бойынша нәтижелерді ортаға салды. Жаңартылған биология оқулықтары бойынша ақпарат беріп, жақын арада  цифрлық оқулықтар пайда болатынын атап өтті. Алдағы уақытта, бұл онлайн дәріс қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, халықаралық ынтымақтастықтың шекараларын нығайту үшін мол мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, профессор Сергей Витальевич Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен тығыз байланыста. Ол «Биология» мамандығы бойынша білім алатын докторанттар О.И. Турсыматова мен А. Б. Қарабалеваға жетекшілік етті.

105.jpeg

Биология, география және химия кафедрасы

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...